ЖОО-ға түсудің «Шымкенттік» әдісі

1183
ЖОО-ға түсудің "Шымкенттік әдісі"

Бүгінде жоғарғы оқу орнына түсемін деген талапкерлер қым-қуыт сабылып жүр. Олар грант конкурсына құжат тапсыруда. Ал ҰБТ мен кешенді тестілеуден аз балл жинағандары қайтпек? Ондайлар жаңа әдіс тапқан секілді. Оларға жекеменшік жоғарғы оқу орындары көмектесуде. Анығырақ айтсақ, дәл қазіргі уақытта ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрініп, кешенді тесттен қағылғандарға «қолдау» табылды. Бір қызығы – далада қалмайтынына сенеді. Бұл үшін шымкенттік жоғарғы оқу орындарының құйтырқы әрекетіне жүгініп жатса керек.

Алишер Мырзабаев, талапкер: «Мен осы қаладағы колледждердін бірін тәмамдадым. Кешенді тесттен кеш қап қойдым, бугін құжаттарымды жинап жеке меншік университтерге келсем, мынадай ұсыныстар тастап жатыр. Олардың айтуынша, бірінші семестрді Мәскеудің бір университетінде оқыды делінген жасанды құжат жасап, екінші семестрді бізде жалғастыра бересің дейді. Бұның келешегі бар ма жоқ па, мені осы нарсе алаңдатып отыр».

Мәселенің мәнісін қабылдау комиссиясы өкілдерінен сұрадық. Журналист екенімізді білмегендіктен болар түлектердің құжаттарын шетелдік университеттерге тапсырып, сосын өздеріне қабылдап алатынын баяндап берді.

Жекеменшік университтетің құжаттарды қабылдау комиссиясының өкілі: «Біз құжаттарды қабылдап аламыз және ол құжаттарды ешқайда жібермейміз. Тек көшірмесін ғана Қырғызстанға жібереміз. Ал біздің басшылар ол жаққа барып бағаларының барлығын қойдырып алып келеді. Себебі талапкерлердің шетел асып кетпейтіні анық қой. Небәрі 50 мың теңгеге бұл құжаттарды жасап береміз. Осылайша, бұл талапкерлер жоғарғы оқу орнының студенті атана алады. Толығырақ айтсам, бірінші семестрден кейін біздің жоғарғы оқу орнын жалғастырып оқуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, бізге тапсырыңыздар. Барлық бағасына және құжаттарына алаңдамай-ақ қойсаңыздар болады. Шетел аспай-ақ біздің университет сіздерге дайын құжатты өздері-ақ алып береді».

Шымкенттік оқу орындарының қулығы министрлік өкілдерінің де жағасын ұстатты. Бұл тұнып тұрған заңсыздық деп отыр. Сондықтан, заңдылықтарды өз кезегінде шегелеп айтты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі: «Ұлттық бірыңғай тест тапсырмаған немесе тапсырып шектік балды жинамағандар, және кешенді тесттен құлаған талапкерлер жоғарғы оқу орнына қабылдана алмайды. Колледж бітіргендерге кешенді тест тапсыру міндетті. Сондай-ақ аттестатпен шетелге оқуға баруға болады. Тек өздері барып оқығанда ғана заңды болып есептеледі. шетелге жоғарғы оқу орынан түскен жағдайда білімі туралы құжаттың түпнұсқасы сол университетке тапсырылады».

Ерсұлтан Әшірбеков:»ҰБТ тапсырмай, ЖОО-ның студенті атанатын болдым»

Бұл кезде шетелге бармай-ақ оқуға түсудің заңсыз жолын таңдап жатқандар бар. Міне, Бәйдібек ауданынан келген Ерсұлтан Әшірбеков ұлттық бірыңғай тестті тіпті тапсырмаған. Ол да құжаттарын шетел асырып студент болмақ екен.

Ерсұлтан Әшірбеков, талапкер: «Мен бүгін оқуға түсуге келдім. Бірақ мен ұлтттық бірыңғай тест тапсырған жоқпын. Тек аттестат арқылы оқуға тусуге келдім.  Енді мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ның студенті атанамын. Мына жердегі жекеменшік оқу орындары мені Московский перевод арқылы оқуға қабылдаймыз деп жатыр».

 

Деп жатыр, бірақ оның заңсыз екенін айтты мамандар. Сөйте тұра бұл қадамға баратын болса екі жақтың да бармақ тістеп қалуы ғажап емес. Ендеше, алдап-арбап жүргендердің құрығына түсіп қалмаңыз дейміз!

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-BI_T0DJt2w[/youtube]