GPS-қондырғылар автобустарға әлі орнатылмаған

261
ЖПС қондырғылары жыл аяғына дейін толық орнатылып бітуі тиіс
ЖПС қондырғылары жыл аяғына дейін толық орнатылып бітуі тиіс

Көлікке қатысты кезекті проблеманың беті ашылды. Шымкентте автобустарға ЖПС қондырғыларын орнату бағдарламасының орындалмай жатқаны белгілі болды. Айта өтейік, бұл мақсатқа 22 млн. теңге бөлінген болатын. Және өткен жылдың желтоқсан айында барлық қоғамдық көліктерге ЖПС қондырғысы орнатылуы тиіс еді.

Осы арқылы автобустардың халыққа қалай қызмет көрсетіп жатқанын бір жерден бақылау жоспарланған.

Бірақ жоспардың іске аспай қалғаны анықталды. Әзірге тек мұндай құрылғы көліктердің 50 пайызына ғана орнатылған.

Бағдарламаның орындалмай қалуының себебі де бар көрінеді. Мердігерлер көліктерді бақылауда ұстауға келіспей жатса керек. Бір ғана жеке кәсіпкер Пагиров 440 автобустың орынына бар болғаны 200 көлікке қондырғы қойған. Айта кетейік шымкентте 1200 қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Ерсейіт БҰХАРБАЕВ, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі: «Тасымалдаушылар жағынан басында аздаған түсініспеушіліктер болды. Сол себептен орнатылмай қалған. Енді қазір қайтадан келісім-шарт жүргізіліп, бәріне түсіндіріліп, сол жұмыстар толығымен атқарылады».