Шымкентте 10 адам алаяқтың құрбаны болды

271
Алаяқ қыздың тақырға отырғызуына жергілікті халықтың сенгіштігі себеп
Алаяқ қыздың тақырға отырғызуына жергілікті халықтың сенгіштігі себеп

Оңтүстікте 10 адам алаяқтықтың құрбаны болды. Баспаналы болуға ынтызар азаматтарды 24 жасар жас қыз тақырға отырғызып кеткен. Ол мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа баспаналарды арнайы жеңілдіктермен алып беремін деп уәде етіп, ақшасын алып, тайып тұрған. Талай тұрғынды тақырға отырғызған күдіктінің әрекеті

Шымкенттің солтүстік-батыс бөлігінде жүрігізіліп жатқан сақалды құрылыстан біреулер оңай олжаға кенелмек болған. Бәйдібек би көшесінде бой таластыра салынған үйлер кімнің де болса қызығушылығын арттырары сөзсіз. 

Ішкі істер департаментіне жуырда ғана облыстың 10 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арыз түседі. Өрімдей қыздың өтірігіне сенгендер әр түрлі сомадағы шығынға батқан. Алаяқ жалпы сомасы 70 мың АҚШ долларын жинап алып кетіпті. Жәбірленуші тарапқа жалған аты-жөнімен танысқан қыз еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты. Соның өзінде көпке ұзамастан қол түсті.

Полицейлердің айтуынша, бұған бірінші кезекте жалпақ жұрттың шала сауаттылығы мен сенгіштігі себеп. Қазір күдіктінің өзге де алаяқтық фактілерге қатысының бар-жоғы анықталу үстінде. Тергеу амалдары жүріп жатыр.