«Астананың» Шымкентке келгеніне 1 жыл болды

361
"Астана" жирафы

Шымкент зообағына Астана есімді керіктің әкелінгеніне 1 жыл болды. Содан бері зообаққа келушілер қатары көбейді ме? Ел астанасымен аттас жануардың Оңтүстікте қалай тіршілік кешіп жатқанын біліп қайттық.

Осыдан дәл бір жыл бұрын Шымкент зообағына керік әкелініп, келушілерді бір қуантып тастаған еді. Оңтүстік үшін таңсық жануарды қызықтап, келушілердің де қатары жыл бойында екі еселенді дейді, зообақ басшылығы. Өйткені «Астана» тек хайуанаттар бағының қызметкерлерінің ғана емес, келушілердің де сүйіктісіне айналған.

Сейдолла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры: «»Астана» керігі келгелі келушілердің көбейгені рас. Біздің ұжымның ғана емес, бүкіл шымқалалықтардың сүйіктісіне айналды. »

Тұяқты жануарлар бөлімінің меңгерушісі Сейілбек Есімовтың әр жұмыс күні «Астананың» жай-күйін білумен басталады. Жыл бойында керік те, қызметкерлер де бір-біріне бауыр басып қалған. Мұндағылар жануардың нені талғап жейтінін, көңіл-күйін қас қабағынан-ақ аңғарады.

«Керік қарағаш, емен жапырақтарын жейді. Үйеңкі ағашының жапырақтарын жемейді. Көңіл күйі жақсы, адамдарға үрке қарамайды.  Көңіл құты келсе билеп те алады. Жағдайы жақсы, бір жыл бойында біршама өсіп қалды»-дейді тұяқты жануарлар бөлімінің меңгерушісі Сейілбек Есімов.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TpgLo5haotU[/youtube]