Жүрек-қан тамырлы аурулары әлемдегі өлімнің басты себебі болып табылады, Жыл сайын дүние жүзінде 17 миллионға жуық адам осының салдарынан көз жұмады. 50% жуық жүрек –қан тамыр ауруларынан өлген адамдар еңбекке қабілетті жаста болған. Оңтүстік кордиологтары бұл аурурдың жасарып бара жатқандығын айтады.
Кардиолог мамандар осы 1 ай ішінде мыңға жуық тұрғынды тексеріп, оның 30 пайызынан ауытқулар анықтаған. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде бүкіләлемдік жүрек күн аталып өтті. Облыстың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Кең баба, Абай саябағы, жоғарғы базар, «Имран» сауда үйінің маңдарында кардиолог мамандар жайғасып тегін кеңес жүргізді.
Өз мүмкіндігін жіберіп алғысы келмегендердің бірі-Сәрнеш Насирова. 55 жастағы әйел соңғы кездері жүрек тұсының шымырлайтындығын айтып, бүгін таза ауада кезек күтпестен дәрігерге қаралған.
Елімізде де жүрек-қан тамыр айналымының бұзылуынан туындайтын аурулар бірінші орында тұр. Бірақ бұл қауіпті дерт жөнінде көбпшілік біле бермейді. Көбіне аталмыш қатерлі кеселге аға буын өкілдері шалдығатыны мәлім. Десе де кез-келген дерттің белгілері жастық шақтан қалыптасады. Сондықтан мұндағы келушілерге ауырып ем іздегеннен гөрі сырқаттанбаудың жолын тапқан жөн екендігі жиі айтылды.