Балаларын мақта теріп, шабындыққа жұмсаған ата-аналар әкімшілік шараға тартылады. Жалғыз оңтүстік өңірі ғана емес, Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық еңбек ұйымы 2016 жылға дейін бала еңбегінің ең сорақы түрлерін түп-тамырымен жоюға белбуды.
Мойындау керек, нарық заманының жазылмаған ережелерімен кейбір ата-аналар күн көрістің қамы үшін баласын ауыр еңбекке жүктеп қойған. Мұндай жағдай әсіресе, Мақтарал ауданында көптеп кездеседі. Мақта теру науқанында мектепке баласын жібермей, бас қамын ойлайтындар қаншама. Қанша ескерту алса да, бала менікі дегенге басып, білгенін жасайды.
Ғалия Жүнісова, ОҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің бастығы: «Облысымыз мақта өнімін өндіруде алдына жан салмайды. Алайда терім кезінде бала-шағасын қара жұмысқа салып жібереді. Мұндай фактілер әлі күнге дейін тыйылмай отыр. Арнайы рейд барысында баласының мойнына оқуды емес, ақша табуды жүктеп қойған ата-аналарға шара көрілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балалар қадағалауымызға алынды. Бала еңбегін жоюға қоғам болып ат салысуымыз қажет».
Қаламыздағы № 8 мектеп-гимназиясында өткен онлайн семинардың басты мақсаты бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу және болдырмау. Балалардың құқығын қорғау департаменті дәл осы мәселемен 2008 жылдан бері айналысып келеді. Алайда, заңға бағынбай балаларын еңбегін көлік жуу бекеттеріне, кафе-мейрамханаларға,наубайханалар мен базарларға пайдаланатын кәсіпкерлер баршылық. Тексере келгенде ешқандай келісім-шартсыз жұмыс жасап, жекенің мүддесін орындауға міндетті кәмелет жасқа толмағандардың опық жеп үлгергендері де көп екен.
Балнұр Нұсқабаева, оқушы: «Қазір мектептің бағдарламасы өте қиын.Сондықтан сабақтан қалуға болмайды. Ия, ата-анаға көмектесу керек, бірақ білім алу басты міндетіміз».
Сабақ оқудың орнынна санасына салмақ, беліне ауыртпалық түсіріп жүрген балалардың өмірінен үзінді келтірілген фильмдер
Шолпан Асылбекқызы, № 8 мектеп-гиназияның директоры: «Бұл семинарда бала еңбегін қанайтындар мен өзін құрбандыққа шалып, оқудың орнына ақысыз бірақ ауыр еңбек ететін балалардың бар екенімен таныстырдық. Ақша табамын деп, бала бақытынан айрылғылардың өмірінен хабардар еттік. Мұндағы мақсат оқушылардың көзін ашып, көкірегін ояту. Ата-аналарына түсіндіру».
Айта кетейік, сарапшылардың жүргізген сауалнамаларының қорытындысы бойынша, жастайынан еңбек еткен балалардың жартысы ауыр ауруларға тап болса, 61 пайзы мүлдем жұмыс істегісі келмейтіндерін жеткізген. Сондықтан да баланы сапалы білім, саналы тәрбие алуға үйреткенміз дұрыс. Сонда ғана еліміздің есті ұрпағы бой түземек.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IXqQVs2-SPo[/youtube]