Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара қолданылды

196

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.

Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Тауке хан көшесі, № 31 үйдің алдына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі