Әнші Нұржан Керменбаев жалғыз өзі айтқан «Қайдасың ғашығым» атты әніне түсірілген бейнеклиппен әнсүйер қауымды қуантпақ. Сонымен қатар «Арнау» дуэтінің «Сағындың ба?» атты әнге бейнебаянның да түсірілу жұмыстары аяқтапты. Енді бірер күнде қос клип көрермен назарына ұсынылатын болады.
Нұржан Керменбаев,әнші:»Тындармандардың бәрін ең алдымен менің жеке өмірім қызықтыратыны сөзсіз. Бір ғана нәрсені айтамын. Мен әлі болашақ жарым болатындай аруды кездестірген жоқпын. Егер алдағы уақытта кездестіріп жатсам, ең алдымен өз тындармандарыммен бөлісер едім.»
— Гастрольдік сапар жайында не айтасыз?
— Әзірге гастрольдік сапар жайында ешқандай жоспарымыз жоқ. Бірақ шақыртулар болып жатса кез келген уақытта продюсерлеріміз дайындалыңдар деп алдын ала айтады.
-Шымкентке келу жағын ойламадыңыздар ма?
— Оны продюсерлеріміз шешеді. Сондықтанда жақынарада оңтүстіктіктермен кездесе алмайтынымыз өкінішті.
— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
— Жоспар көп. Жаңа әндер жаздыру, оларға егер халықтың көңілінен шығып жатса, бейнеклип түсіру жұмыстарыммен айналысамыз. Енді барлығыда уақыттың еңшісінде. Сәтін салып жатса нұр үстіне нұр болар еді.