Жаңалықтар 

Шымкентке дуадақтар әкелінді

Қолдан өсірілген дуадақтарды жабайы табиғатқа жіберу шарасының бұл үшінші толқыны

Шымкентке Біріккен Араб Әмірлігінен арнайы рейспен “Қызыл кітапқа” енген 139 дуадақ әкелінді. Бағалы құс Әбу-Даби тәлімбағынан жеткізілді. Қордың мамандары дуадақтарды Бетпақдалаға апарып арнайы торда аз уақыт ауа-райына үйретеді. Содан соң құстарды еркіндікке самғатады. Еске сала кетейік, осымен үшінші рет торда арнайы өсірілген дуадақтар жабайы табиғатқа жіберілуде. 

Дуадақтарды тасымалдау үшін арнайы пластмассалы тор контейнерлер жасалынған. Әрбір торға бес-бестен құс салынып, Әбу-Дабиден үлкен Ан-124 және 76Т ұшақтарымен жеткерілген. 

Құстармен бірге дуадақтарды өсіру қоры олар үшін арнайы құрт-құмырсқа әкелуді де ұмыт қалдырмапты. Орнитологтардың түсіндіруінше, бұл дуадақтардың жергілікті азықтарға жәймен үйретуге жақсы екен.

Әсем құстар біздің өлкеге үйретіліп болған соң, оларға GPS қондырғыларын орнатып, еркіндікке жіберетін болады. Еске сала өтейік, бұл жабайы табиғатқа жіберіліп отырған “Қызыл кітаппен” қорғалатын дуадақтардың үшінші толқыны.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz