Шымкентте ҰОС батыры құрметіне ескерткіш ашылмақ

537
Шымкентте ҰОС батыры Сабыр Рахымовқа арналған ескерткіш ашылмақ
Шымкентте ҰОС батыры Сабыр Рахымовқа арналған ескерткіш ашылмақ

Шымқаламызда жаңа ескерткіш ашылмақ. Бұл ескеркіш Ұлы Отан соғысының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовтың құрметінеарналған. Батыр тұлғасындағы мыс мүсіннің биіктігі – 4 метр 20 сантимер. Ал гранитпен қапталатын тұғыр-іргетасының биіктігі – 2 метр, 10 сантиметрді құрап отыр. Айта өтейік, Жеңіс саябағынан орын тепкен батырдың батылдығынан сыр шертетін бұл ескеркішке 20 миллион теңге қаржы жұмсалған. Ал қала тұрғындары ескерткіш турасында не біледі немесе көзқарасы қандай? 

Маржан Құралбайқызы, қала тұрғыны: “Мен бұл ескеркіштің бой көтергенін байқадым. Алайда ол кім және қашан ашылатынынан хабарсызбыз. Бұл ескерткіштің қазақтың батыр ұлдарының біріне арналып отырғанын сеземіз, себебі, дәл “Жеңіс” саябағында орнатылуына байланысты. Десе де “ел құлағы – елу” деген емес пе?! Яғни, көршілерім бұл мүсінді батырымыз Бауыржан Момышұлының құрметіне арналған дейді. Кім біледі, мүмкін Баукеңе арналған болар… Ашылу салтанатына қатысамыз ғой, менің ойымша мұндай мүсіндерді көбейту қажет. Себебі, өскелең ұрпақ бұл ескерткіштердің не үшін салынғанын білуі керек. Сонымен қоса ескертrіштегі Ұлы адамның да кім екенін біліп, тарихқа деген қызығушылығы ауады. “Ештеңе де, ешкім де ұмытылмайды” деген сөзге сай мемлекетіміз жұмыс жасауы дұрыс. Ескерткіштердің тұрғызылуы – біздің өткенге, тарихқа деген құрметімізді көрсетсе керек”.

Бақыт Дәрібаев, қала тұрғыны: “Менің үйім осы “Жеңіс” саябағының қасында орналасқандықтан, мына жерде не болып жатқанын өзім байқап жүрдім. Бірақ мүсіннің батыр құрметіне арналып жатқаны анық қой. Ашылу салтанаты болып жатса, міндетті түрде келіп қатысамыз. Себебі, еліміздің өткенін еске салатын ескерткіштерді кім жасағаны және кім демеуші болғаны бізге қажет-ақ. Авторы мен мәрттік танытқан адамдармен мақтануымыз керек қой. Батырдың болмысын танытатын ескерткіш — ұрпағына өткеннен сыр шертеді. Кішкентай балаларымыз да көшеден ары-бері өткен сайын “әке, мынау кімнің ескерткіші деп сұрайды” сол кезде біз айтамыз. Сондықтан, мұндай тарихи ескерткіштер көп болсын дейміз.

Жалпы бұл ескерткіштің авторлары мүсіншілер Сұлтан Ілясов пен Абдуахат Мұратбаев. Небәрі 2 айдың көлемінде Ұлы тұлғаның мүсіні дайын болған. Қаралған қаражат тек демеушілер қалтасынан жұмсалыпты. 

Алмасбек Бөбеев Сабыр Рахымовқа арналған ескерткішті орнатуда ешқандай қиындық тумағанын айтады

Алмасбек Бөбеев, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі: “Бұл ескерткіш расында Ұлы Отан соғысының батыры, генерал-майор Сабыр Рахимовқа арналып салынып отыр. Сондай-ақ мүсінді жасауда немесе “Жеңіс” саябағына орнатылуан ешқандай кедергі келген жоқ. Себебі бұл саябақ мемлекет меншігінде. Аз ғана уақыттың ішінде көксеген ескерткішті жасай алдық. Басқа-басқа Сабыр Рахимовқа арналған ескерткішті көрген халықтың қуанары сөзсіз екені анық. Ескерткішке тоқталатын болсам, облыс әкімдігінен тапсырма келді. Ал біз ойланбастан іске кірісіп те кеттік. Жұмыс барасы біздің жіті қадағалануымзда болды. Бүгін міне, өздеріңіз көріп тұрғандай тек қана айналасы реттеліп, құрылыс жұмыстары айналасына ғана жалғасып жатыр. Құдай қаласа, осы қалған шағын құрылыс бітсе, Шымкенттіктер жаңа ескерткіштің куәсі болады. Десе де менің айтқым келіп отырғаны — бұл ескерткіш, толғымен құрылысын қоса есептегенде жеке демеушілердің көмегімен жүргізілді. Ендеше, ашылу салтанатында ол кісілердің де кім екенін халық біле алады. Сондықтан қыркүйек айының соңында ескерткіш ашылады деп отырмыз”.

Енді салтанатты ашылу рәсімі 29-қыркүйекке жоспарланып отыр. Ал қала халқы беймәлім ескерткіштің қай батыр құрметіне арналып тұрғызылғанын білу үшін, салтанатты рәсімді асыға күтіп жүр.