Астаналықтар Сабыр Рахымовты еске алды

563

Оңтүстік халқы Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рахымовты еске алды. Жеңіс саябағына жиналған қауым батыр ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

002

Астаналық қонақтар бастаған ел ағалары Қазақ халқының даңқты ұлы генерал-майор Сабыр Рахымовтың ерлігін сөз етті. Оның өнегелі ғұмырынан сыр шертіп, өскелең ұрпаққа өнеге етті.

Мерекелік шарадан соң көпшілік кинотеатрға ағылды. Қазақ батыры туралы деректі фильмді тамашалады.

Сабыр Рахымов 1902 жылы Қазығұрт тауының етегіндегі Көкібел ауылында туған. Осынау киелі өңірдің көріністерімен басталған 1 сағаттық туындыда батыр бабаның балалық шағы, ерлік жолдары арқау болған. Бұл фильм ұзақ жылдар бойы өзбек халқының батыры, өзбектен шыққан тұңғыш генерал деп құрметтеп келген тұлғаны жіті танытты дейді көрермен.

Мақпал Рысбаева