Шымкенттіктер жер үйде тұрғанды қалайды

1286
Шымкентте пәтерден жер үйге көшу жиілеуде
Шымкентте пәтерден жер үйге көшу жиілеуде

Дәл қазіргі уақытта қала тұрғындарының көбісі пәтерден жер үйлерге көшкенді қалайды. Сондықтан болар, сол үйлердің бағалары өсуде. Соңғы з жылда жер телімінің бағасы да анағұрлым жоғарылапты. Қымбатшылықтың қарқын алғанына қарамастан, қала халқының сұранысы осы болып отыр.

Наталья Таранова тұрғындардың жер үйге көшуі жалғасады деп отыр

Наталья Таранова, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы: “Ия, жасыратыны жоқ, бүгінде көпқабатты үйлерден жер үйлерге көшетіндердің қарасы қалың. Мәселен, дәл қазір Самал-1, Самал-2 шағынаудандарында үйлердің бағасы 60 мың доллардан басталады. Жер телімі 45 мың доллардан. Ал Қайтпас-2 және “Мирас” шағынаудандарындағы жер үйлер халық сұранысы төмен болғандықтан арзан бағалануда. Ал “Ынтымақта” жаңа жолдар салынып жатыр, сондықтан мұндағы үйлерге жуырда сұраныс артары сөсіз. Сондықтан мен көпшілікке осы “Ынтымақ” шағынауданынан үй немесе жер сатып алыңыздар деп кеңес бергім келеді. Жуырда қаладағы ең таңдаулы шағынаудан болады деп ойлаймын. Дәл қазіргі уақытта арзан бағалануда. Жер телімінің өзі стандартты 8 соттық деп қарасытрсақ, 8 соттық жер мұнда 25 мың доллардан бастап бағаланып жатыр”.

Құрылыс матералдарына кеткен шығынға байланысты, шағынаудандардағы жер үйлер бағасы әр алуан. Үйдің күйген кірпіштен немесе лай балшықтан салынғанына да баса назар аударылады. Баспана бағасын орташа есептеп көрсетсек.

Бірінші лай кірпіш, екінші баға күйген кірпіш деп қарастырайық.
“Самал–1” шағынауданында – 60 000 (мың) доллардан және 120 000 (мың) доллардан басталады;
“Самал–2” шағынауданында – 50 000 (мың) доллар және 100 мың доллар;
«Қайтпас-1» шағынауданындағы үйлер бағасы – 45 000 (мың) доллар , 75 000 (мың) долар;
«Қайтпас–2» шағынауданында – 40 000 (мың) доллар, 72 000 (мың) доллардан басталады;
«Пахтакор-1» шағынауданында – 40 000 (мың) доллар және 80 000 (мың) доллар,
«Мирас» шағынауданында – 35 000 (мың) доллар және 70 000 (мың) доллардан басталады
“Ынтымақ” шағынаудандағы жер үйлер бағасы – 42 000 (мың) доллар, 60 000 (мың) доллардан жоғары бағалануда;

Ал жер телімін стандартты 8 соттық деп орташа есеппен бағасын сараласақ,

“Самал–1” шағынауданында – 35 000 (мың) доллардан басталады;
“Самал–2” шағынауданында – 30 000 (мың) доллар;
«Қайтпас-1» шағынауданында – 32 000 (мың) доллар;
«Қайтпас–2» шағынауданында – 30 000 (мың) доллардан басталады;
«Пахтакор-1» шағынауданында – 35 000 (мың) доллар;
«Мирас» шағынауданында – 25-30 000 (мың) доллар және 70 000 (мың) доллардан басталады;
“Ынтымақ” шағынауданда – 25 000 (мың) доллардан жоғары бағалануда.

Ал Абай Рысқұлов Мирас шағынауданында баспана тұрғызуда. Іргесі1жыл бұрын қаланған үйге бүгінде 30 мың доллардан астам қаражат жұмсалыпты. 6 бөлмеден құралған баспанаға әлі жылу құбырлары және жарық сынды қажеттіліктер орнатылуы керек. Жалпы ,үйдің іші-сыртын қса есептегенде әлі 5 мың долларға жуық қаражат жұмсалмақ дейді үй егесі.

Бұл үйдің дәл осы құрылысына 30000 доллар қаражат жұмсалыпты

Абай Рысқұлов: “Бұл үйдің құрылыс жұмыстары1жыл бұрын басталды. Арнай жоба барысында тұрғызылып жатыр. Күйген кірпіштерді 32 тенгеден ал “черепицаны” 1300 тенгеден сатып алдым. Әлі еден салуым керек. Сыртын лаймен сылақ жасатып, құмдау керек. Тағысын-тағылар… барлығын қоса есептегенде 35 мың доллардан астам қаржы жұмсалатыны анық қой”.

Үй тұрғызу үшін қанша қаржы жұмсалуы жасаған жобаға да байланысты. Егер қала тұрғындарының сұранысы бәсеңдемейтін болса, жер үйге көшу науқаны жалғасын табары сөзсіз.