Оңтүстіктің бірқатар аудандарына Олимпиада талаптарына сай шаршы алаңдар сыйға тартылды

296
Арыс қаласындағы ринг

Кентау қаласының бокс мектебінде 300-ге жуық боксшы тәрбиеленуде. Басым көпшілігі жасөспірімдер.

балалардың қуанышында шек жоқ

Облыстық бокс федерациясы оларға олимпиадалық талапқа сай ринг сыйға тартты. Бұрын соңды мұндай құрал-саймандарды шет жақтағы жарыстарда ғана көзбен көріп жүрген жеткіншектер енді өз залында жаттығуға да мүмкіндік алған. Федерация өкілдері балғындарға арнайы сыйлықтарын да аямады. Осыған дейін де облыстық жарыстарда топ жарып жүрген кентаулық боксшылар енді Қазақстанда топ жарсақ дейді.

3 миллион теңге тұратын олимпиадалық ринг облысымыздың әр аудан орталығында орнатылады. Бұл федерация уәдесі. Бүгіннің өзінде үшеуі сыйға тартылды. Оның бірі Арыс қаласында.

Арыс қаласының боксшылары телпегін көкке лақтырды. Өйткені, мұндай олимпиадалық талапқа сай ринг бұл спорт ордасында бұрын соңды болмапты. Тіпті, ғимараттың ішіне сыймайды да. Енді, арнайы жаттығу залын ашу мәселесі көтерілуде.

Арыс қаласындағы ринг

Ашылғанына 12 жыл толған бокс мектебінде бірқатар чемпиондар да тәрбиеленіпті. Енді облыстық федерацияның бұл сыйлықтарынан кейін жеңімпаздардың қатары көбее түсетініне бапкерлер сенімді. Оның үстіне, олимпиадалық ринг төрінде Арыстың өзінде-ақ жарыс өткізуге мүмкіндік туды.

Бүгінде Арыстың 500 ге жуық баласы бокспен шұғылданып жүр. Ал ринг орнатылғалы  спортпен шұғылдансақ деген жеткіншектердің қатары арта түскен. Ендігі кезекте жарыс өткізетін спорт кешені салынса болғаны.

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=DLLdjSh1dEA[/youtube]