Шымкент базарларында өрт қауіпсіздігі сақталмаған

өрт қауіпсіздігі сақталмаған базарлар көп
өрт қауіпсіздігі сақталмаған базарлар көп

Қаладағы 10 ірі сауда орнын аралап, тексергендер 8-інде өрт қауіпсізідінің сақталмағанын анықтады. Осындай рейдтің бірі Алаш базарында жүргізілді. Мұндағы жағдайды көруге келген прокурорлар мен өрт сөндірушілер көптеген былықтың бетін ашты.

Өрт сөндірушілер базардың кіре берісінен-ақ кедергіге тап болды. Одан өтіп, әупірімдеп тар жолмен белгіленген жерге жеткенімен, мұндағы жағдайдың да мәз емес екенін көрді.

Танат Шалдарбеков, № 1 арнайы жасақ бастығының көмекшісі: «Біріншіден базарға кіру қиын болды. Онсызда тар жолда автокөліктер кедергісін келтірді. Ал өрт шықты деген жерге жету үшін айналма жолмен бару қажеттігі туындады».

Өрт қауіпсіздігі ережелерін былай қойғанда, базарда заңсыз сауда қатарлары жетерлік. Матамен қоршалған орындардың ешқандай төтенше жағдайға төтеп бермейтіні айтпаса да түсінікті. Тамыздағы үлкен өрттен кейін осында келген Бекжан базарының бұрынғы сатушысы аузы күйсе де үріп ішпейтін секілді. Ағзам Маманазаров мұның бәрі уақытша, алдағы күндері тұрақты, қауіпсіз жәй салып береді деп басшылыққа сүйеніп отыр.

Мұнда автотұрақ та қарастырылмаған. Ал базар жетекшілері рейд жүргізушілерді де, сатушыларды да бәрі қалпына келтіріледі деп сендіреді. Жалпы алғанда, қаладағы базарлардың көбінде өрт қауіпсіздігі сақталмайдындағын  прокурорлар дай айтып отыр.

Кем-кетікті бүтіндеуге 1 ай уақыт берілді. Егер осы мерзімде уәде орындалмаса, сауда орны жабылуы да мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eAADMGfcmL0[/youtube]