Қаламгер Дулат Исабековтың 70 жасқа толған мерейтойы Шымкентте жалғасты

575
"Бонапарттың үйленуі" комедиялық спектакльі ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының сахнасынан тамашаланды
«Бонапарттың үйленуі» комедиялық спектакльі ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрының сахнасынан тамашаланды

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург- Дулат Исабеков 70 жаста. Мерейтойға орай қаламыздағы облыстық әзіл-сықақ және сатира театры қаламгердің «Бонапарттың үйленуі» атты комедиясын көрермендерге ұсынды. Спектакльдің сюжеті бойынша бір ауыл Кеңестік қоғамның қағидасымен өмір сүреді. Оқыған сол ауылдың азаматы жерлестерін бодандықтан босатуға талпынып әрекет жасайды. Оның еңбегі зая кетпей, оң нәтиже болады. Сонымен қоса, қойылымда осындай өмірдегі қайсыбір кездесіп жатқан олқылықтар мен адамдардың саясат ықпалында күн кешкендігі ашық көрініс тапқан. Ал спектаклб желісі бойынша басты кейіпкер Қабанбай – үлкендердің ұстаныпотырған кеңестік кезеңнің саясатын өздеріне кебін қылып кигізіп береді. Дулат Исабековтың бұл комедиясы театрдың көрермені мол, үздік спектакльдерінің бірі. Ал тұщымды еңбектің қоюшы режиссері театрдың көркемдік жетекшісі – Мақсат Айтжанұлы.

Мақсат Айтжанұлы, «Бонапарттың үйленуі» атты комедиялық спектакльдің қоюшы режиссері: «Біз бұл қойылымды 2010 жылы сахнаға шығардық. Сонымен қоса, сол кезден бастап бұл қойылымға деген сұраныс рейтингі түсчкен емес. Күні бүгінге дейін бізден өзге Қазақстанның Батыс облысы да сахнаға шығарған болуы керек, автордың айтуынша. Алайда сәтсіз шыққан дүние болғандықтан, ғұмыры ұзаққа бармаған. Айта өтетін жәйт, бұл қойылым осы күнге дейін үлкен танымалдылыққа ие болуына болар еді. Алайда өзіміздің шаңырағымыз болмай, үзіліс болды. Енді міне, бүгін тамашаланып жатыр. Көпшілік те күлкіге қарқ болып отыр. Ал спектакльдың мағынасына келетін болсақ, аты айтып тұрғандай«Бонапарттың үйленуі» деп, мұнда ауылдың қарапайым Бонапартының үйленуі турасында. Кәдімгі ауылдағы, қазақ ауылындағы уақиға баяндалады, суреттеледі. Сондықтан болса керек, әсіресе, Оңтүстік тұрғындарының сүйіп көретін спектакльдерінің бірі болып отыр бүгінде. Бүгін өздеріңізге белгілі осы туындының авторы – Дулат Исабековтың 70 жасқа толған мерейтойы. Сондықтан автор көрсін, тамашаласын деп ұсынып отырған жайымыз бар. Сонымен қатар бұл еңбекті жәй ғана жеңіл әзіл және арзан күлкі үшін құрылған деп айта алмаймыз. Мұнда автор бір ұлттың адасып, азғындап кетіп бара жатқанын өте шебер әрі тапқырлығымен тиімді әжуәләп берген. Ал осы ойды біздің әртістер өз деңгейінде ойнап жатыр ғой деп ойлаймын. Мәселен, Жүсіп Ақшора, Ғалымжан Қалыбай, Нұржан Құлшынбаев, осы қаптаған ер адамдарының ішіндегі жалғыз әйел адамының рөлін сомдайтын белді әрі беделді әртісі Гүлжанар Сазанбайқызы бар. Сондықтан «Бонапарттың үйленуі» спектакльі сәтті шығуға міндетті деп ойлаймын. Айта кетейін, әттегенай дейтін тұстар да жоқ емес. Күн сайын сахнамыз кеңейіп, техникалық мүмкіндіктеріміз артады деген сенім мол. Себебі, бұдан да жақсы жағдай жасалғанда жұмысымыздың жемісі әлдеқайда артық болар ма еді дейміз. Әрине, бәрі де уақыт еншісінде. Сондықтан «Бонапарттың үйленуі» спектакльі алдағы уақытта өз көрермендеріне жаңаша жағдайда ұсынылады деген үміттеміз, әрине».

Қайрат Арынов, көрермен:»Жалпы мен қойылымды осымен 4-ші рет тамашалап отырмын. Өте қызық, маған ұнайды. Себеб, тәрбиелік мәні зор. Көбісі біздің дінімізді ұстанғанымен, заңдылықтарына бой ұсынғысы келмейді. Бұл деген ауыр күнә ғой. Күлдіріп тұрып шындықты жазған Дулат Исабеков ағамызға алғысым шексіз. Жазушының шеберлігіне таңмын!Комедиялық жанрда салмағы ауыр шындықты жеткізгенін айтамын да осы! Қаламгердің 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймын! Осыншама халқының құрметіне, қошеметіне ие болған Дулат Исабековке ұзақ өмір тілеймін. Қазақ әдебиетінің абыройын асқақтатуда қосқан үлесі баға жетпес жетістік деп білеміз!»

«Бонапарттың үйленуі» қойылымы 2010 жылдан бері Оңтүстік театрларының сахнасынан түспей келеді. Ендеше, алдағы уақытта да көрерменге мән-мағынасы терең спектакль ұсынылатын болады.