Қазіргі қоғамға Ленин қажет-коммунистер

403
Коммунситер Ленинді ұмытқан жоқ

Бүгін – 7-қараша. Кеңес Одағы заманында Ұлы Қазан төңкерісі күні болып тойланатын. Бүгінде ол атаулы күн құрдымға кеткен. Дегенмен, қаламыздағы коммунистер партиясының белсенділері жиналып, Металлургтер саябағындағы Лениннің ескерткішіне гүл қойды. Партия мүшелері бұл датаны ұмыт қалдырмай, жылда осында келеді.

Шымкенттік коммунистер қазан төңкерісі күнін еске алып, Ленин ескерткішіне барды

Биылғы жиынға жастар да келді. Олар өткен жылы саябақта өздері отырғызған 100 тал ағаштың түбін тазалап, сенбілік ұйымдастырған болатын. Ленин көсемнің суреті бейнеленген жұлдызшаны кеудесіне тағып, қызыл галстук байлаған аға буын өкілдері тарихты ұмытпауымыз керек дейді.

Күн көсеміне құрмет көрсетілді

Айта өтейік, партия мүшелері өткен жылы осы саябақтағы Лениннің ескерткішін қиратудан аман алып қалып болатын. Ал бұрынғы күн көсемнің кім екенін білмейтін жастар биіктен қолын сермеп тұрған ескерткішке аттарын жазып қалдырған.

 

Коммунистер Ленинді ұмытқан жоқ