«Ең үздік аула-2011» аталымының жеңімпазы сыйақысын ала алмай жүр

357
Аула атына сай

Ең үздік аула -2011. Дәл осы атаумен былтыр марапатталған Алдабек Мангелдин көшесінің 36/А үйінің төрайымы сыйақысын әлі алмаған. Күніге ертең беріледі деген қаржының жыры том-том болып жиналыпты. Күдерін үзбеген үйдің төрайымы телеарнаға арқаланып келіпті.

Фаина Мурина, үй төраймы

Фаина Мурина Алдабек Мангелдин көшесіндегі №36/а үйінің төрайымы.Еңбегі ескерілген ол былтыр «Шымкент менің сүйікті қалам» акциясы барысында жарияланған байқауға қатысып, «Ең үздік аула» аталымын жеңіп алған. Сол кезде арнайы дипломмен бірге 100 мың теңге сыйақы алуы керекті. Алайда қомақты қаржысы қолға түспей, құр уәдеге айналып кеткеніне налиды.

Фаина Мурина, №36/а үйінің төрайымы: «Біз сізге ақша бермейміз. Ол қаржыға аулаңызға қажетті столдарды, есігі жоқ подъездерге темір есік қойып, аулаңызды жарықтандырып береміз деген. Алайда ол да жоқ. Бір жыл өтті».

Акцияның жеңімпаздарына берілген конвертте белгіленген сыйақы жоқ болып шыққан. Оның орнына санаторияға жолдама берілген. Алайда ақшасын алмаған жеңімпаздардың аузын қалалық әкімдіктің жауапты мамандары жауып келген көрінеді. Уәде беріп, 100 мың теңгенің көлемінде аулаларыңызға жаңғырту жұмыстарын жүргізіп береміз деген. Оған да көнген үй төраймы, мұның да бос сөз болып шыққанына көзі жеттіпті. Ал Абай ауданы әкімінің орынбасары мұндай уәде бермегенін алға тартады.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Мен 100 мың теңге беремін деп уәде бергенім жоқ. Сондықтан бұл уәжді негізсіз деп санаймын. Ол байқауды ұйымдастырған қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Азаматтық Альянс» бірлестігі болатын. Біз тек комиссия мүшесінде ғана болғанбыз».

Аула атына сай

 

Үздік деп танылған өткен жылдың жеңімпаздарының үміті үзілді. Содан болар Фаина Мурина үй төрағасы болудан да бас тартыпты. Мәселе ақша да емес, жауапсыздық пен көзбояушылықтың бой алып бара жатқанында дейді.

 

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Su3G4IEwrY0[/youtube]