«Отырар» ТА мерейтойын тікелей эфирде өткізеді

263
"Отырар" телеарнасының 20 жылдық мерейтойы 20-қараша сейсенбі күні өтеді

 

«Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойы 20-қараша сейсенбі күні өтеді

Ертең, 20-қараша «Отырар» телеарнасының тұрақты көрермендерін арнамызда күтеміз. 20-қараша күні таңғы сағат 10-30 дан кешкі сағат 18-00 ге дейін арнаның 20 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтеді.

Телеарнаның шығармашылық тобы осы уақыт аралығында тікелей эфирде үздіксіз хабар таратады.  Сонымен қатар, осы 20 жылда арнада кімдер жұмыс істеді, арна кімге қол ұшын беріп, қандай жетістікке жеткендігі жайлы қысқа фильмдер көрсетіледі.

Келіңіздер, студия қонағы болыңыздар.

Осыған байланысты арнамыздың бағдарламалар кестесіне өзгерістер еңгізілуі мүмкін. Ал арнадағы көрсетілімдерді онлайн режимінен де көре аласыздар.