«Отырар» жайлы сурет байқауы ұйымдастырылды

Жеңімпаздар
Байқауға қатысушылардың суреттері

«Отырар» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай 6-12 жас аралығындағы балалар арасында өткізілген сурат байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушылар «Отырар» теларнасының тыныс -тіршілігі мен журналистердің қым- қиғаш тірліктерін салуы тиіс болатын. Қарашаның 1-і мен 16 –ы аралығында өткен сурет сайысына 50-ге жуық жас суратші қатысып, бағын сынады.

Жеңімпаздар

Балалардың суретін бағалауда белгілі суретші Нұрсейт Ибрагимов пен бейнелеу пәнінің мұғалімі Наталья Сутягина қазылық етті. Үміткерлердің жас ерекшелігі мен талабын, идеялық ерекшелігін ескере отырып, ең үздік бес жұмысты таңдап алды.

Олар №9  лицейдің 3-сынып оқушысы Антонина Тлеулиева мен №1  мектептің оқушысы Сабина Мырзабекова, №32 бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі Аделина Сәбитқызы, балалар өнер мектебінің оқушысы Алина Ақбердиева және 5 жасар Алдияр Ахатұлы.

Алина Ақбердиева – балалар өнер мектебінің оқушысы

«Балалардың талабы өте жоғары. Олардың телеарнаны күн сайын қарап, ондағы жайлардан хабардар екені аңғарылады.  Өте ерекше деп бірнеше жұмысты атар едім. Біз таңдап алған суреттер үздік деп танылуға лайықты»,- дейді қарт суретші Нұрсейт Ибрагимов.

6 жасар Аделинаның жұмысы

3-сынып қушысы Антонина болса «Отырар» телеарнасының тележүргізушісі, ақпараттар қызметінің редакторы Сергей Анатольевия Павленконың суретін айнымай салып, үздік деп танылды.

Антонинаның үздік танылған суреті

«Маған Сергей Павленко өте қатты ұнайды. ОЛ менің сүйікті жүргізушім. Сондықтан оның суретім салдым. Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын»,- дейді ол.

Ал жеңімпаздарды «Отырар» телеарнасының салтанытты мерекелік кешінде марапаттады. Оларға сыйлықтар беріліп, арнамыздың арнайы марапаат қағазымен марапатталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DoJRh6C58QM[/youtube]