Пара алған қызметкерлер тұтылды

186
Қызмет бабын пайдаланғандар түрмеде "пана" боламын деп уәде еткен

 

Қызмет бабын пайдаланғандар түрмеде «пана» боламын деп уәде еткен

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл факті шұғыл алдын алу шарасын жүргізу нәтижесінде анықталған.

Өңіріміздің маманы 75 мың теңгені сыйақы ретінде алмақ болса, Жамбылдық қызметкер 150 теңге сұрапты. Қазір қызмет бабын асыра пайдаланған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әділбек Досмағамбетов, ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары: «Ұсталған инспектордың жеке басын тінту кезінде оның сол жақ қалтасынан 75 мың теңге табылды. Ол ақшаның бізде тіркеуде тұрған сотталушыдан алынғаны анықталған. Күдікті азамат параны сотталушының түрмедегі жағдайын жасауға және қоғамдық жұмыстарға жіберілмеуін қарастырамын деп уәде етіп алған».