Шымкентте жылыту маусымы басталды

408
Жылу бірінші кезекте аурухана, мектеп, балабақшаларға берілді.
Нұрсат шағын ауданында 154 үйге бүгін жылу қосылды

Шымкент қаласында жылыту маусымы басталды. Биылғы жылдың ерекшелігі жылу жылдағыдан 15 күнге ерте қосылды. Мамандардың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда қаладағы жылу алатын 1732 көпқабатты үйдің 75 пайызына жылу беріліп 100 пайыз жертөледегі элеваторларға жылу жеткізілген.

Нұрсат шағын ауданында 154 үйге бүгін жылу қосылды. «Қуат жылу орталық 3» мекемесінің мамандары қалған 13 көпқабаты үйге жылу беруді бүгін толығымен аяқтамақ. Нәтижесінде Нұрсат шағынауданындағы 167 көпқабатты үй мен бюджеттік мекемелерде толық жылу болады.

3 ЖЭО беріліп жатқан жылудың температурасы 50\52 градус мамандар оны сыртаға ауа температурасына байланысты дейді. Шымкентте орталықтандырылған жылу қазандығынан жылу алатын 243 бюджетік мекеме бар. Бүгінге дейін соның 224-і жылу алды.

Жылу бірінші кезекте аурухана, мектеп, балабақшаларға берілді

Дегенімен әлі де болса жылу беруде қиындық тудырып жатқан көпқабатты үйлер баршылық. Мамандар олардың көпшілігін тұрғындар өз күштерімен жылыту маусымына дайындағанын айтады. Әл фараби ауданында 40, Абайда ондай 20 үй бар. Онда ауа-райының жылылығын пайдаланып салқын түспей кемшіліктерді жоюға бар күш жұмсалатын болыпты.

Көпқабатты үй толық жылуға қосылды деген хаттама түзілгеннен кейін ғана төлем ақы есептелінетін болады.

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=furxD0N24F0[/youtube]