Шымкентте тағы бір ана дәрігерлердің салғырттығынан сәбиінен айрылды

289
Бахыт пен Ұлжан сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

 

Бахыт пен Ұлжан сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Баласынан айрылған ерлі-зайыптылар дәрігерлерді сотқа бермек. Айдың, күннің аманында баласын бауырына басып үлгермеген ана бір тәуліктен соң, ауруханда жаңа туылған сәбиінен айрылып қалды. Әжібековтер отбасының 14 пен4 жастағы ұлдары бар. Үшінші ұлын да олар тағатсыздана күтіп, жоспарлаған болатын.

Ұлжан гинекологтардың айтқанын екі етпей керек кезде дәрігер бақылауында болған. 7- қарашада маңдайы торсықтай ұл туады. Туған туыстан сүйінші сұрап үлгерген отбасы араға күн салып қара жамыламыз деп ойламаса керек.

Бауыр еті баласынан ауырылған Ұлжан Әжібекованың көз жасы әлі құрғаған жоқ. Әмір Темір деп ат қойған ұлым дәрігерлердің салғырттығынан ажал құшты дейді. Бірақ перзентхана мамандарының бар кінаны Ұлжанның өзіне арта салғаны жанына қатты батады.

Ананың сөзінше нәрестенің аузы мұрнынан су кете бастаған. Сол кезде дәрігерлерді шақырып әбден дабыл қақса керек. Бірақ жанайқайыма ешкім мән бермеді дейді. Ақ халаттылар болса бұлай деп айту үшін дәлел керек деп шүйлікті.

Отағасы Бахыт Әжібеков те бұл оқиғада дәрігерлерді кіналайды. Өз ісіне жауапкершілікпен қараса ұлым аман қалар еді деп көзіне жас алды.

Нәрестенің неден шетінегені сот медициналық сараптамасы анықтайды. Одлар 20 күннен кейін қорытынды береміз деп отыр. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана дәрігерлердің салғырттығына күйініп, прокуратураға арыз жазды. Дәрігерлермен соттаспақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Wze8pECHx-8[/youtube]