Өмірін өнермен өрнектеген – Оңтүстіктің сүлейлері…

535
№25 мектептің оқушылары өнер майталмандарымен кездесті
Мектеп оқушылары ҚР-на еңбек сіңірген өнер майталмандарымен кездесті

Қаламыздағы  №25 мектепте ҚР-на еңбек сіңірген өнер қайраткерлерімен оқушылардың  кездесу кеші өтті. Мәдени шара «Өмірін өнермен өрнектеген – Оңтүстіктің сүлейлері…» тақырыбы аясында өрбіді. Айта өтейік, мектеп оқушыларымен арнайы жүздесіп, көрген-білген өнегелерін үйрету үшін Қасымбек Нұрбекұлы (Қазақстан Суретшілер және Журналистер Одақтарының мүшесі, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы), Сапарбай Өтемісұлы (Қазақстанға еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері, «Оңтүстікке еңбегі сіңгені үшін» медалінің иегері, «Кто есть кто» энциклопедиясына енген, Республиканың таңдаулы азаматы), Сатыбалды Дулати (Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері), Илиасқар Мәжит (Республикаға еңбек сіңірген қайраткер, республикалық конкурстардың лауреаты, Мольер, Шиллер, Островский, Гоголь шығармаларындағы кейіпкерлерді сомдаған актер)келген. Айта өтейік, шара барысында өнер иелері шәкірттер алдында өз өнерлерін көрсетіп, өмір жолынан естеліктер айтып, кештің көркін кіргізді.

Абылайхан Есеналиев, №25 мектептің 10-сынып оқушысы: «Бәрінен бұрын бұл қазақтың маңдайына бақ болып біткен осы азаматтарға алғысымды білдіремін. Себебі, көбіне оқушыларға осыншалықты көңіл бөліп, білгендерін үйрететіндер аз. Ал бұл кісілер осыншама абыройымен бізге келіп, қызықты естелік сәттерін айтып, өнерлерін ортаға салуда. Сондықтан болса керек, өте керемет әсер алдым. Ал байқағаным, бұл өнер адамдарының бойындағы дарыны қайталанбас талант. Әлі де болса жұлдыздары жанып тұр. Бірі сахнамен сырласса, енді бірі қаламның құдіретімен тілдеседі. Біздің үйренеріміз көп, 3 сағаттық кездесуде талай дүниені ойға түйдік деп еркін айта аламын. Мейірбандылық пен әдебиет әлеміне үңілген тұлғалардың өмірге ғашық сезімдерін көріп, біздің де өмірге деген көзқарасымыз өзгергендей болды».

Табиғаттың тылсым сырларына тіл бітіріп, бейнелеу өнерінің байырғы сипатын жаңғыртқан, қылқаламы жаңа ғасыр көшінен қалыспайды, тың туындылармен астасып, қоғам қалауы болған. Қасымбек Нұрбекұлы бүгінде еліне 1000-нан аса еңбегін сыйлап үлгерді. Тұнығы лайланбаған тұщымды туындылары қазақ бейнелеу өнерінің қайталанбас құнды дүниелерін толықтырды.

Қасымбек Нұрбекұлы, ҚР суретшілер одағының мүшесі: «Ия, оқушылар өте талапты! Тек дұрыс, оң бағдар

Қасымбек Нұрбекұылының қайталанбас құнды еңбектеріне оқушылар қызығушылығы ауды

бере білу керек. Байқап отырсам, сурет салуға қызығатын балалар бар екен. Маған жақындап, сурет салудың қыр-сырын сұрап та жатыр. Ерінбей бояулардың түріне дейін түсіндірдім. Себебі, бұл менің міндетім-парызым деп білемін. Мұнда келіп, жастолқынның талабын көрін қуанып та қалдым. Әрине, өмір болған соң, әрбір адамның «әттеген-ай» дейтін тұстары да болады. Ал мен Ұлы абайдың суретін салуды жоспарлап жүрмін. Мен салмады емес, салдым. Алайда біздің Абайдың Ұлылығын, оның табиғатын көрсету – оңай емес дүние. Мұндағы айтпағым, Абайдың бейнесі тек құр бояудан тұрмауы керек. Жүректен шығуы да маңызды!»

Өнер иелері Осылайша оқушылар алдында өнерлерін паш етті. Оқушылар да қара домбыраны қолдарына ұстап, ән айтып, күйден ойнады. Тіпті жыр жолдарын оқып, жас ақындар ағаларына деген құрметін білдірді. Өмірлерін өнермен өректеген Оңтүстіктің сүлейлерімен кездескен шәкірттер аға буынға құрметтерін жеткізді осылай. Сонымен, Айтулы шара өнер иелеріне сұрақ-жауаппен жалғасты.