Өнер майталмандары марапатталды

580
өнер майталмандары марапатталды
өнер майталмандары марапатталды
өнер майталмандары марапатталды

Бүгін өнер саласында қызмет етіп, мәдени іс-шаралардың өтуіне елеулі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Президенттің «Құрмет» грамотасымен Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Нәсия Алтаева, Ж.Шанин атындағы облымтық драма театрының қызметкері Жұмабек Есімов марапатталса, Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне аталған театрдың далапшысы Бейсенкүл Әлжанова лайық деп табылды. Сондай-ақ, өнер майталмандарына ҚР елшісі Б.Жексембиннің, ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың алғыс хаттары табыс етілді.

Облыстың мәдени іс-шараларында белсенді қызмет етіп, сахнаның сыртында тер төгіп жүргендердің де еңбегі еленді бүгін.  Солардың бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің мәдени тынығу жұмысы кафедрасының  аға оқытушысы, қоюшы режиссер Жұмабай Ләйлә Жұмабекқызы.

«Бүгін мәдениет саласындағы қызметкерлердің еңбегі еленіп, әріптестерім түрлі марапатқа бөленіп жатыр. Қуаныштымыз. Түрлі мәдени іс шаралар мен салтанатты жиындарды ұйымдастырып, сахнаға әнші, биші, түрлі өнер адамдарын алып шығамыз да, ал режиссерлердің өзі сырт қалып жатады. Осынау елеусіздей көрінетін еңбекті бағалаған облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да еліміздің өркендеуі үшін еңбегімізді аяп қалмақ емеспіз»-дейді облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған қоюшы режиссер Ләйлә Жұмабай.