Өз ұлының кіндігін кескен әке

505
Әлия түнгі сағат үште босанды. Оның жанында анасы мен жұбайы болды. Туылғанына екі-ақ күн болған нәрестені бақытты ата-ана көпшілікке көрсеткісі жоқ

Қазақтың әйгілі спортшы қызы Әлия Юсупованың 12 желтоқсан 2012 жылы ұлды болғанын айтып, сүйінші сұраған болатынбыз. Қол аяғын бауырына жинап алған Әлия ұлымен бүгін перзентханадан шықты. 

Әлия Юсупова №1 перинатальдық орталықта босанды

Әлия мен жұбайы Нұржан Әлтаевтардың отбасында Әмина атты қыз бар еді. Ол қазір 2 жаста.

Әлия Юсупова ұлының дәл осы күні дүниеге келгенін жәй сәйкестік деп біледі. Бірақ ғасырда бір келетін күнде босанғанын сәттілікке балайды

Салмағы 3,5 келі, бойы 51 см торсықтай ұлдың есімін ата-анасы Нұрәлі деп атапты.

Нұржан Әлтаев Шымкенттегі Кәсіпкерлерді қолдау орталығының директоры қызметін атқарып келеді. Босану процесіне өзі қатысып, ұлының кіндігін өзі кескен әке

Бір қызығы, осыдан үш жыл бұрын, 2009 жылдың 12-желтоқсанында Әлия мен Нұржан шаңырақ көтерген болатын.

Әлия түнгі сағат үште босанды. Оның жанында анасы мен жұбайы болды. Туылғанына екі-ақ күн болған нәрестені бақытты ата-ана көпшілікке көрсеткісі жоқ
Әлия түнгі сағат үште босанды. Оның жанында анасы мен жұбайы болды. Туылғанына екі-ақ күн болған нәрестені бақытты ата-ана көпшілікке көрсеткісі жоқ
Бүгінде көркем гимнастикадан еліміздің бас бапкері жұмысты әзірге тек телефонмен шешкендігін, енді қаңтардың аяғында қайта жұмысқа шығатындығын хабарлады

Еліміздің көк байрағын ірі додаларда желбіретііп, артынан талай қазақ қызын көркем гимнастикаға әкелген Әлияны бүгін құттықтауға барлық жанкүйерлері жиналды

Жақын күндері Әлияға "Құрмет ордені" табысталмақ
Жақын күндері Әлияға «Құрмет ордені» табысталмақ

Біз қуанышты ата-аналарды құттықтап, сәбидің бауы берік болсын дейміз!