2012 жылдың үздіктері анықталды

Шарада әр саладағы аталым бойынша 41 азамат пен еңбек ұжымы марапатталды
Шарада әр саладағы аталым бойынша 41 азамат пен еңбек ұжымы марапатталды

Жыл үздіктері кімдер екенін білесіз бе? Бүгін «Оңтүстік-Цирк» ғимаратында өз саласы бойынша жоғары жетістіктерге жетіп, елдің дамуына үлес қосқан азаматтар мен еңбек ұжымдары марапатталды.

Ұйымдастыру алқасы биылғы шараны жылдағыдан өзгерек бастады. Яғни, «Жыл үздіктері» шарасы 2012 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 12-ден 12 минут, 12 секунд кеткенде басталды.  Осылайша, атаулы күнде еліне еңбегі сіңген атпал 41 азамат пен еңбек ұжымы елге таныстырылды. Олар мұндай құрметке оңай жеткен жоқ. Қажырлы қайрат пен талмас талпыныстың жеңісі бұл. Бұл сәт еселеп кеткен еңбектің зейнеті өтелген күн десті жиылғандар.

Өз ісінің білгірлері кімдер? Төмендегі тізімнен үздіктерді оқып-біліңіз.

1. Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі – Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы. Директоры – Нұрамағамбетов Әбдіхан Бескемпірұлы.

2. Жылдың үздік композиторы – Шымырбаева Рысты Әлімбетқызы, Түлкібас ауданы.

3. Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы «Аққу» халықтық ән-би ансамблі, Мақтарал ауданы.

4. Жылдың үздік әртісі – Тоғанбаев Адилжан Тураббайұлы. Облыстық өзбек драма театрының әртісі.

5. Жылдың үздік әншісі – Дүйсеев Мадихан Махамбетұлы. Облыстық опера және балет театрының филармонияның әншісі.

6. Жылдың үздік ақыны – Байтуов Біржан Ғаниұлы, Бәйдібек ауданы.

7. Жылдың үздік жазушысы – Зылиқа Жантасова Тұрарқызы. М. Әуезов атындағы ОҚМУ ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты.

8. Жылдың үздік журналисі – Ковалева Людмила Николаевна. «Южный Казахстан» облыстық газетінің тілшісі.

9. Жылдың үздік суретшісі – Бейсбеков Болатбек Бектасұлы. ОҚО Суретшілер одағы.

10. Жылдың үздік ғалымы – Қарабеков Ағабек Қарабекұлы. ОҚМФА кафедра меңгерушісі.

11. Жылдың үздік мектебі – Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты. Директоры – Байшенов Қуанышбек Әділмұратұлы

12. Жылдың үздік кәсіптік мектебі – №3 кәсіптік лицей МКҚК. Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы

13. Жылдың үздік колледжі – Кентау көпсалалы колледжі МКҚК. Директоры – Абдрахманов Сембек Төреханұлы п.ғ.к., колледж директоры.

14. Жылдың үздік ұстазы – Семенова Тамара Анатольевна. З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің мұғалімі.

15. Жылдың үздік сынып жетекшісі – Хамраева Мария Имамағзамқызы. Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, созақ ауданы.

16. Жылдың үздік тәлімгері – Беркімбаев Камалбек Мейрбекұлы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры п.ғ.д.

17. Жылдың үздік тәрбиешісі – Исхақова Несібелі. «Әсел» балабақшасы, балабақшасының тәрбиешісі, Мақтарал ауданы.

18. Жылдың үздік медицина мекемесі – №1 Шымкент қалалық балалар емханасы. Бас дәрігері – Оспанова Сара Қобландықызы.

19. Жылдың үздік дәрігері – Кадырбекова Амина Дуйсенқызы. Түлкібас аудандық емханасының бала дәрігері.

20. Жылдың үздік санитарлық дәрігері – Абдрахманов Полат Мәлікәждарұлы. Шардара ауданы бойынша санитарлық – эпидемилогиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

21. Жылдың үздік мейірбикесі – Мусаев Жақсылық Нұрлыбайұлы. Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жан – сақтау бөлімшесінің анестезисті.

22. Жылдың үздік туристік ұйымы – ЖК «Р.К.Шукенова», туристік агентігі «Қуаныш» Басшысы Шукенова Роза.

23. Жылдың үздік спорт мекемесі – Оңтүстік Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Директоры – Ставицкий Николай Михайлович.

24. Жылдың үздік спортшысы – Әзімбай Мөлдір Жаңабайқызы. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық экономикалық колледжінің студенті, Лондон қаласында өткен ХХХ-шы

жазғы олимпияда ойындарына қатысушы.

25. Жылдың үздік жаттықтырушысы – Айтжанов Мырзағали. Оңтүстік Қазақстан облысының №1 олимпиада резевінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Бокстан Қазақстан Республикасының бас бапкері.

26. Жылдың үздік құрылыс мекемесі – «Ar Kua Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бас директоры – Абишев Бахыт Шораевич.

27. Жылдың үздік құрылысшысы – Қалымбетов Тайбек Әділбекұлы. Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы.

28. Жылдың үздік өнеркәсіп кәсіпорны – «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС. Директоры – Таласов Мүслім Жапайұлы.

29. Жылдың үздік кәсіпкері – Рысжанов Жақыпбек Тәжібекұлы. «Келесгидрострой» ЖШС директоры

30. Жылдың үздік қазақстандық мазмұндағы сапалы тауар өндірушісі – «Атамекен МК» ЖШС. Директоры -Төрегелдиев Мұхтар.

31. Жылдың үздік энергетигі -. Ибраев Төлеубек Жұматаевич. «3-Энергоорталық»АҚ.

32. Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері -.Кемешов Алихан Абуұлы. «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» МКК жүргізуші.

33. Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны – «Жолаушы» ЖШС-і. Директоры-Кулимов Мақсат.

34. Жылдың үздік жүргізушісі – Абдуллаев Ардақ Ергешбайұлы. «Мұхтарәлі» ЖШС – жүргізушісі, Отырар ауданы.

35. Жылдың үздік Жол құрылысы мекемесі – «ЖБИ-С» ЖШС. Директоры- Зиятаев Ержан Батырбекұлы.

36. Жылдың үздік жол құрылысшысы – Төлебаев Мұрат Тұрсынбайұлы. «ШымкентгазДС» ЖШС – мастері.

37. Жылдың үздік сәулетшісі – Әбдешов Арман Ашимбекұлы. ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет бөлімінің бастығы.

38. Жылдың үздік жас сәулетшісі – Богацкий Борислав Валерьевич. ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет бөлімінің жетекші маманы.

39. Жылдың үздік мұрағатшысы – Сәмбетова Қаламқас Болатқызы. Кентау өңірлік мемлекеттік мұрағатының бас қор сақтаушысы.

40. Жылдың үздің әлеуметтік қызметкері – Ахметова Альмира Майширифовна. Арыс қалалық жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерін көрсету бөлімінің бастығы.

41. Жылдың үздік қамқоршысы – Зияева Малика Назаралиевна. ОҚО Көксәйек жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=R0k6ctG-Ekw[/youtube]