Айыппұл тұрағына көлікті не үшін қояды?

Сурет мұрағаттан алынды
Сурет мұрағаттан алынды

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 630-бап 1 тармағына сәйкес келесі құқық бұзушылықтар үшін автокөлікті айыппұл тұрағына қояды:

Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБт кодексі 447-бап).

Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы (ӘҚБт Қазақстан Республикасының кодексі 447-1 бап).

Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру (ҚР ӘҚБт кодексі 447-2 бап).

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы (ҚР ӘҚБт кодексі 447-3 бап).

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалын шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асыру (ҚР ӘҚБт кодексі 447-4 бап).

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБт кодексі 461-бап), дәлірек:

– мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу (ҚР ӘҚБт кодексі 461-бап, 2 тармақ).

– көлік құралына көріну жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату (ҚР ӘҚБт кодексі 461-бап, 3 тармақ).

– көріну жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу (ҚР ӘҚБт кодексі 461-бап, 3-1тармақ).

Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтатудың, тұрғын аймақтарда жүрудің, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ережелерін сақтамауы және жол жүрісінің ережелерін басқа да өрескел бұзу (ҚР ӘҚБт кодексі 463-бап), дәлірек:

– қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен не мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау (ҚР ӘҚБт кодексі 463-бап, 2 тармақ).

– ірі көлемде және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруі, сондай-ақ бөлінбейтін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді мамандандырылған автокөлік құралдарымен белгіленген ережелерді бұза отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тасымалдау (ҚР ӘҚБт кодексі 463-бап, 3 тармақ).

Көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБт кодексі 463-4 бап), дәлірек:

– басқа көлік құралдарының жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соқтырған, жолдың жүру бөлігінде көлік құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБт кодексі 463-4 бап 3 тармақ).

Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде көлік құралын жүргізуі, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйдегі адамға беру (ҚР ӘҚБт кодексі 467-бап).

Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралдарын басқару (ҚР ӘҚБт кодексі 470-бап).

Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау, алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйін куәландырудан өтуден жалтару (ҚР ӘҚБт кодексі 471-бап).

Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау (ҚР ӘҚБт кодексі 524-бап).

Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнау- лы алаңдарға немесе тұрақтарға эвакуация-лау көлік құралдарын жүргізушілер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерін бұзған және өздері сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргізушілердің қайда екенін анықтау мүмкін болмаса, жолда қараусыз қалдырған көлік құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкін.

Дінмұхамед ҚЫЛЫШБАЕВ, заңгер