Аязда көпқабатты үйдің сырттағы су құбыры қатып қалды

499
Аязда Шымкенте үй даладан да суық
Аязда Шымкенте үй даладан да суық
Аязда Шымкенте үй даладан да суық

Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен мына үйдің хасбеті алыстан көздің жауын алады. Алайда, «сырты бүтін, іші түтін» дегендей күн суытқаннан бері 2-ші корпуста су құбырлары қатып, тұрғындар әбігерге түсіп қалды.

Альбина Елемесова, №33/2 үйдің тұрғыны: «Су құбырлары үсіп кетті. Салдарынан су асхана жақта болмады. Кәріз жүйесімен де пайдалана алмай, суды ваннадан тасып, әлекке түстік.Сосын жылытатын материал алып, құбырларды қаптадық.. Алайда, ауа температурасы түнде 20 градусқа төмендегенде қайта су болмай дал болдық. Бүгін түнде су келді, алайда 3 бөлмелі пәтерлерде су әзірге жоқ».

Мұз құрсанған құбырлардың басы-қасында үй төрайымы да жүр. Құбырдың жарылған бөлігі анықталған тұста ақауды реттейміз деп уәде берді ол.

Роза Сейітжанқызы, үй төрайымы: «Күрделі жөндеуге құбыр тіреулері кірмегендіктен, тұрғындардан қаржы жинап сырттағы құбырларды арнайы материалмен қаптадық. Аяз болғанда құбыр бір жерден жарылған. Насос тапсақ, жер төледегі суды шығарып, себебін анықтаймыз. Аптаның соңына дейін су беріледі».

Нұрғали Төрежанов, «Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры: «Ия, жер төлесіндегі құбырларды жылу құбырларын элеваторный узелға дейін жасадық. Бірақ стоякты тұрғындар өз есебімізден жасаймыз деген. Ол жобалық-сметалық құжатқа енгізілмеген».

Су құбырының тіреуі жобалық-сметалық құжатқа енгізілмеген. Алайда мемлекеттік жаңарту бағдарламасы аясында үйдің шатыры мен лифт жөнделді. Бірақ олардың сапасына тұрғындардың көңілі толмай отыр.

Роза Сейітжаноқызы: «3 үйдің шатырына жасалған жөндеу жұмыстарына 9 млн төлеуміз керек. Қазірдің өзінде жауын шашын болса, шатырдан су ағады. 10 жыл бойы күрделі жөндеуге ақша төлейміз бе, не шырқ тесік шатырды жабуға қаржы жұмсаймыз ба?»

Бір айта кетерлігі, аяқталған жөндеу жұмыстарын мемлекеттік комиссия қабылдамаған. Үй төрайымы егер осы ақаулар реттелмесе, құжатқа қол қоймаймын деп бекініп отыр.