«Оңтүстік» өңірлік басқармасында жаңа шекара заставасы ашылды

"Ұшқын" заставасы заманға сай салынған жаңа шекара заставасы

Атап өту қажет, Сарыағаш шекара отряды 2012 жылы 367 мемлекеттік шекара бұзушысын құрақтады және 136 дерек контрабандалық тауар тасымалына тосқауыл қойып, мемлекеттік шекара бұзушыларға 35 млн -нан аса айыппұл салып, ел қазынасына өндірді.

«Ұшқын» заставасының құрылысына Үкімет тарапынан 2011 жылы бөлінген 500 млн теңге қаржыны, тендер арқылы ұтып алған «Отау Строй» компаниясы келісім-шарт негізінде өздеріне жүктелген міндеттерді толыққанды орындап, заставаны белгіленген мерзімде, уақтылы тапсырды.
Застава бүгінгі күн талаптарына сай жабдықталып, шекарашылардың Отан межелерін қорғауы үшін барлық жағдай жасалған деуге болады.

Шекара заставасының салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тұрғамбек Стамбекұлы қатысып, салтанатты қызыл лентасын өзі кесті.Сонан соң Тұрғамбек Стамбекұлы шекара қызметкерлеріне жаңа тұрғын үйлердің кілттерін табыстап, заставаның офицерлер мен келісімшарт қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлердің, жеке құрамға арналған казарманың,спорт аландарының сапасын тексерді. Атап өту керек Тұрғамбек Стамбекұлы 30 қараша күні Жамбыл облысында «Оңтүстік» өңірлік басқармасының қарасты тағы бір шекара заставасының ашылу рәсіміне қатысты.

Тұрғамбек Стамбекұлы - ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары-Шекара қызметі Директорының міндетін атқарушысы, полковник  шекарашыларға жаңа пәтердің кілтерін табыстау сәті
Тұрғамбек Стамбекұлы – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары-Шекара қызметі Директорының міндетін атқарушысы, полковник шекарашыларға жаңа пәтердің кілтерін табыстау сәті
Басшылық құрылыстың сапасын тексеріп,қабылдауда
Басшылық құрылыстың сапасын тексеріп,қабылдауда

Нұрахов Ержан екі бөлмелі пәтердің кілтің алған шекара қызметкері. Ержанның шекарада қызмет атқарып жатқанына 3 болып, көп жетістіктерге жеткен. Шекара қызметкерлерінің халқына алаңыз қызмет етулері үшін осындай жағдай жасап отырған Елбасының қамқорлығына алғысы шексіз екі баланың әкесі Ержан Нұрхановтың қуанышына шек жоқ. Ержанның айтуына қарағанда ол осы уақытқа дейін отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған екен.

Нұрахов Ержан "Ұшқын" шекара заставасының қызметкері өз пәтерін көруде
Нұрахов Ержан «Ұшқын» шекара заставасының қызметкері өз пәтерін көруде

Жоспар бойынша биылғы жылдың соңына дейін Жамбыл облысында Б.Момышұлы атындағы тағы бір шекара заставасы ашылмақ.