Шымкентте жаңа «Мега-Оптика» салоны ашылды

419
"Мега-оптика" акциясы Жаңа Жылға арналған
"Мега-оптика" акциясы Жаңа Жылға арналған
«Мега-оптика» акциясы Жаңа Жылға арналған

«Мега-Оптиканың» жаңа салоны Қонаев даңғылы мен Тыныбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Мұнда күннен қорғайтын және оптикалық көзілдіріктер мен жақтаулардың сан-алуан түрі бар. Ең танымал бұйымдардың сапалары сатып алушыларды қуантады. Жансұлу Хажаниязова көзінің көру қабілетін анықтауға және де көзәйнек сатып алуға арнайы Шардарадан келіпті.

Жансұлу Хажаниязова , Шардара ауданының тұрғыны: » Құрбымызбен   көзімізді тексертеміз деп келген едік. Ұнады,тәжірибелі   көз дәрігері  және де мұндағы қызметкерлер сыпайы, барлық сұрақтарымызға жауап беріп, жақсы кеңес берді. Көзәйнек жақтаулары да сапалы екен.Келіп тұрамыз».

«Мега -Оптика» салонындағы тәжірибелі қызметкерлер құрамы көзілдірік, көзәйнек жақтауын таңдауға көмектеседі.

Ержан Тасыбаев, «Мега Оптика» салонының әкімшісі: «Тапсырыс бойынша  көзілдірік салондағы ұстаханада әзірленеді. Сондай -ақ  бізде  білікті  офтальмолог  та бар. Ол көз жанарының қабілеті  мен қысымын  тексеріп, диагностика жасайды».

«Мега-Оптика» салонында тәжірибелі кеңесшілер мен сатушылармен сатып алушыларға түйіскен әйнектерге қажетті аксессуарлар міндетті түрде ұсынады. Олар көзәйнектің күтіміне арналған заттар, сақтау контейнерлері, суландырғыш тамшылар. Салондағы замануи қондырғымен жабдықталған ұстағанада тапсырыс бойынша көзілдірік жарты сағатта дайындалады. Ашылу салтанаты және Жаңа Жыл қарсаңында «Мега-Оптика» күннен қорғайтын көзілдірік пен оптикалық көзәйнек жақтауларының барлық түрлеріне 30 пайыздық жеңілдік ұсынады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qqvrfoiqgqg[/youtube]