ОҚО да 45 мыңға жуық науқас көз ауруымен есепте тұр

689
көз дәрігерлері кешке дейін мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді

 

көз дәрігерлері кешке дейін мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді
көз дәрігерлері кешке дейін мыңға жуық тұрғынды тексеруден өткізді

Облыстық офтольмологиялық ауруханасында ашық есік күні өтті. Аурухананың алғашқы бас дәрігері, медицина ғылымының кандидаты, ҚазССР-ның еңбек сіңірген дәрігері Сергей Кривцовтың 80 жылдығына орай осымен 4-ші жыл әріптестері мен шәкірттері қала, аудан тұрғындарын тегін тексеруден өткізуді ұйғарыпты. Көзінің көру қабілеті нашарлап, ауырған азаматтар білікті дәрігерлерден кеңес алып үлгерді.  

Алпыстың асқарынан асқан Абдрахман Исаханов ауруханаға ашық есік күнін естіп келген алғашқылардың бірі. Жұлдыз ауылынан келген ол емдеу орнына таңертеңмен жетіпті. Кезегі жетіп, дәрігер қарауында болды.

Түске дейін білікті дәрігерлер 400-ге жуық адамға кеңес беріп, қажетті емдеу нұсқаулықтарын жазып берді.Жасы 40 тан асқан азаматтарға суқараңғы (глаукома) ауруының алдын алу мақсатында көз қысымын өлшеу жұмыстары жүргізілді.

Көз ауруын тексеремін деп келгендердің бүгін қарасы қалың. Тіпті, аяқ алып жүрер жер жоқ. Ұзын сонар кезекте кәріні де, жасты да көресіз.

Ашық есік күнін көз аурулары ауруханасы жылда 13-наурызда өткізеді. Өйткені, бұл күні осы емдеу мекемесінің іргесін қалаушы бірінші бас дәрігер Сергей Кривцовтың туған күні. Биыл марқұмның 80 жылдық мерейлі туған күні.

Сергей Кривцов 1965 жылдан 2001 жылға дейін облыстық көз ауруханасының бас дәрігері  болып жемісті еңбек еткен. Оның еңбегі жоғары бағаланып, 2 рет «құрмет белгісі»,»Парасат» ордендерімен марапатталған. Ал 1989 жылы оған «ҚазКСР еңбек сіңген дәрігер» атағы берілді.

ОҚО да көз ауруының түрлерімен 45 мыңға жуық науқас есепте тұр екен. Оның 13 мыңы балалар. Өткен жылы оңтүстікте 273916 адам скринингтік тексеруден өтіп, 2759 науқас глаукома деген диагнозбен есепке алыныпты. 

Айта кетейік, облыстық офтальмологиялық ауруханада 38 дәрігер жұмыс істейді. Бірақ, аурухананың бас дәрігер Дулат Өмірзақұлының айтуынша, әсіресе ауылдарда мамандар тапшы. Онда 39 пайыз қажеттілікті өтеп отыр. Тек қажетті үш дәрігердің біреуі ғана жұмыс істеп жатыр екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v0ppx4htD3M[/youtube]