№7 футбол мектебінің жастары бірінші лигаға дайындалуда

272

№7 футбол мектебінің  командасына да қомақты қаражат бөлініп отырғанға ұқсайды. Сол себепті де команда басшысы алдағы маусымға нақты жоспар да құрып қойған.

Н. Орынбаев: "Қолда бар алтынның қадірін білейік."
Н. Орынбаев: «Қолда бар алтынның қадірін білейік.»

Нұрлан Орынбаев, №7 футбол мектебінің директоры: «Өткен жылы бұл жастардың тәжірибесін арттыру үшін маусым бойында еңбектендік. Бұл жоспарымыз іске асты деп ойлаймын. Енді биыл олар ер жетіп, ересектермен тең ойнауға мүмкіндіктері бар. Сол себепті 2013 жылы кем дегенде алғашқы ондықтан көріну үшін тер төгеміз деген мақсат қойып отырмыз. Осы бағытта жұмыс та жасалынып жатыр. Тағы бірнеше күннен кейін команданы Өзбекстанға оқу жаттығу жиынына жібереміз».

Бұл жолдастық кездесу. Бапкерлер осындай матчтардың қорытындысы бойынша команданы жасақтайтын болады. Бүгіннің өзінде шымкенттік команданың екі ойыншысы ел ордалық аяқдопшылардың қатарын толықтырмақ. Ал олардың орнына 16-17 жастағы футболшылар келетін болады. Биыл бірінші лигада қанша команда қатысатыны нақтыланбады. Алайда футболшылар дайындығын бастап та қойған. Чемпионат кестесі нақтыланғаннан кейін әр команда өзінің алдына нақты мақсат қояды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uzCI7fxyDRY[/youtube]