Лимузинге ғашық кәсіпкер

Ал бүгінде мұндай қымбат көліктерді жинауды Исматулла Төлепбергенов өзінің әуес ісіне (хобби) айналдырыпты
Ал бүгінде мұндай қымбат көліктерді жинауды Исматулла Төлепбергенов өзінің әуес ісіне (хобби) айналдырыпты
Ал бүгінде мұндай қымбат көліктерді жинауды Исматулла Төлепбергенов өзінің әуес ісіне (хобби) айналдырыпты

Шымкенттіктер алғаш рет қала көшелерінде лимузинді  өз көзімен көруге  осыдан 15 жылдай бұрын  мүмкіндік алған болатын. Әрине, ол кезде әрбір тұрғын бұл көлікпен тым болмаса бір рет көше бойлап жүріп өтуді армандайтын. Ол уақытта «мұндай көліктер тым қымбат еді» – деп еске алады біздің кейіпкеріміз. Ал бүгінде мұндай қымбат көліктерді жинауды Исматулла Төлепбергенов өзінің әуес ісіне (хобби) айналдырыпты.

Шымқалада жаңа лимузиндерді байқасаңыз, Исматулла Төлепбергенов алып келді деп ойлай беріңіз. Өйткені, қалада пайда болатын ұзын көліктердің басым көпшілігі осы азаматтікі. Бүгінде Исматулла ағаның меншігіндегі ең ұзын көліктердің саны өте көп. Дегенмен, қымбат көліктер жинаушы азаматтың өзі: «Іске жарамдысы сегіз, ал тізбектесек, менде мұндай жиырмадан аса көлік бар», – дейді.

Іске жарамдысы сегіз, ал тізбектесек, менде мұндай жиырмадан аса көлік бар
Іске жарамдысы сегіз, ал тізбектесек, менде мұндай жиырмадан аса көлік бар

Кейіпкеріміздің үйінің ауласы көлік тұрағына айналғалы қашан. Шетелдік көліктерін әр минут сайын өз көзімен көріп, тазалап тұрмаса, көңілі жай таппайтын көрінеді. Өйткені, бұл лимузиндер оның сүйікті әуесі ғана емес, қаражат көзі де.

– Бастапқыда хобби ретінде қалаға біреуін алып келдім. Кейіннен той-думандарға жалға беру арқылы қаражат көзіне айналдырғаным рас. Десек те, бұл лимузиндер болмаса өзімді Исматулла Төлепбергенов ретінде сезінуім қиын. Сүйікті ісім, жан-тәніммен беріліп, қолымнан келгенше оларды жаңартып тұруға тырысамын. 1996 жылы ең алдымен «Мерседес» автокөлігін шетелден алып келдім. Кейіннен оның жаңа түріне көзім түсті. Ол менің көлігіме қарағанда ұзындау екен. Осылай Америка Құрама Штаттарына әр барған сайын көлігімді ұзартып тұрдым. Мұны бір әуес деуге де болады. Көзім түскен лимузинді алмағанша түн ұйқым төрт бөлінетін. Нәтижесінде, қаладағы ең ұзын көлік менде болып, көңілім де бір жай тапқандай болды.

– Бүгінде сізден өзге де кәсіпкерлер Шымкентке қымбат лимузиндер алып келіп жатқан сияқты ғой…

– Әрине, бәсекелестік пайда болғаны рас. Дегенмен, солай болған сайын менің лимузиндерге де қызығу-шылығым одан сайын арта түсуде. Осы күні олардан басып озып, әлемдегі ең ұзын автокөліктерді иеленсем деп армандап жүрмін.

– «Hammer» маркалы лимузинді Шымқалаға алып келген алғашқы кәсіпкер сіз ғой? 

– Оныңыз рас. Бұл автокөлікке көзім түскенде, біздің қалада да осындай керемет лимузин жүруге тиіс деп алдыма мақсат қойдым. Көп ұзамай «Hammer» менің үйімде тұрды. Қала тұрғындарының таң қалғанын көріп, жаным қуанышқа бөленеді. Оның үстіне мен барлық көліктерімді АҚШ-тан алып келемін, ал Оңтүстіктегі лимузиндердің басым бөлігі қолдан жасалынған ғой. Сол себепті де менің көліктерім ерекше көрінеді. Мәселен, Шымкентте 30 лимузин болса, оның 11-і ғана шынайы лимузин. Ал өзгелерін осы Оңтүстіктің өзінде-ақ қолдан жасайды. Сапасын да байқау қиын емес. Ал мен үшін бұл іс ең алдымен хобби болғандықтан, нағыз лимузин сатып аламын. Халықты алдағанмен, өзімді алдай алмаймын ғой. Рөлге отырғанда, оның расында лимузин екенін сезінгім келеді.

Оның ұзындығы – тоғыз жарым метр. Ал құны – жүз он мың АҚШ долларын құрады
Оның ұзындығы – тоғыз жарым метр. Ал құны – жүз он мың АҚШ долларын құрады

– Жақында ғана қаламызға тағы бір жаңалық алып келіпсіз. 

– Ия, «Н1» деп аталатын лимузинді сатып алдым. Ресейде бұл көлікті әйгілі эстрада жұлдызы Филипп Киркоров қана мінеді. Ал қазақ жерінде менде ғана бар деп мақтанышпен айта аламын. Әрине, қымбатқа түсті. Дегенмен, ол менің коллекциямды толтыруы тиіс болатын. Көрген мезеттен бастап, оны сатып алу үшін барлық жағдайды жасап, соңында дегеніме жеттім. Оның ұзындығы – тоғыз жарым метр. Ал құны – жүз он мың АҚШ долларын құрады.

– Осымен шектелесіз бе? Әлде көз салып жүрген тағы бір арманыңыз бар ма? 

– Менде сегіз-ақ лимузин бар. Олардың қатарын тағы бір көлік толықтырса деген арманым бар. Америка Құрама Штаттарына соңғы рет барған кезімде «Ford f-650» деген көлікті көріп, бір көргеннен оны сатып аламын деп шештім. Ондай авто Алматыда ғана бар. Шымқаланың көшелерінде жүрсе, бізге жараспай ма? Жақында сатып аламын. 2013 жылы жерлестерім сол көлікті де көріп, оны жалдауға мүмкіндік алады.

– Ниетіңізге жетіңіз. Биылғы жылы қала көшелерінде біз де заманауи, ерекше жаңа көлікті көрсек дейміз.

Сухбаттасқан – Сарбиназ АЛДАБЕРГЕНОВА