Соққы салдарынан мүгедек болып қалған

Өткен жылы ОҚО жасөспірімдердің қатысуымен болған 348 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 58 бала қаза болып, 331 бала дене жарақаттарын алған. Бүгінде құзырлы органдар қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында түрлі шараларды қолға алып отыр.

ОҚО кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шымкент қаласындағы №46 мектепте болған оқиғаға байланысты үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға былтыр мамыр айында мектеп аумағында орын алған болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 10 шақты бала топтасып, 9-сынып оқушысы Дмитрий Кимді соққыға жығып кеткен. Осы оқиғаға қатысты 3 жасөспірімнің ісі қаралған сот процесі аяқталды. Сот отырысы жабық түрде өтті. Сондықтан біз сот үкімі туралы Дмитрийдің атасы Руслан Кимнен сұрап білдік. Оның айтуынша, сот үкімі бойынша оқиғаға қатысқан екі қылмыскер 4 жылға бас бостандығынан айырылып, тағы 2 жылға шартты жаза тағайындалыпты. Ал үшінші күдікті сот залынан босатылған. Алайда, Диманың атасы оның сот отырысынан не үшін босатылғанынан бейхабар болып шықты.

Немересінің болашағына алаңдайтын Р.Ким оқиғадан кейін Диманың бастан ауыр соққы алғанын айтады. Дәрігерлер оның өмірін әзер сақтап қалыпты. Ал күрделі операциядан кейін жеткіншек мүгедек болып қалған. Төбелес жасөспірімдер арасындағы ақша талап ету, бопсалау нәтижесінен шыққаны белгілі болып отыр. Алайда, оқиғаға нүкте қоюға әлі ерте. Себебі, тексеру амалдары кезінде төбелеске оншақты баланың қатысқаны мәлім болған. Олардың бірі қазір қашып жүр. Оның үстіне жәбірленуші жақ тексеру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтады. Руслан Кимнің айтуынша, іс қылмыстық процессуалдық кодекске қайшы жүріп жатқанға ұқсайды. Дегенмен, мамандандырылған соттың үкімі әлі заңдық күшіне енген жоқ. 15 күн аралығында жәбірленуші тарап үкім бойынша құзырлы органға шағым түсіре алады.