Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына тура жаңа жыл күні түскен науқастың туыстары табылмай жатыр. Шамамын 40 жастағы ер азамат ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер әрең дегенде аман алып қалғанымен, жақындарын табу мүмкін болмауда. Айта өтейік жедел жәрдем ауруханасы мамандары үшін жаңа жыл мерекесі қиын күндердің бірі болды. Бір сәтте 8 операция жасауына тура келген.
Мынау жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімі. Мұндағы науқастардың саны 31 желтоқсан күні көбейіп кетті. Тіпті арасында туыстары табылмай жатқан азамат та бар. Мына кісі жедел жәрдеммен тура мереке күні ауруханаға жеткізілген. Өте ауыр хәлде әкелініпті. Бір неше күн өткенімен әлі туыстары жоқ.
Жандарбек Байжігітов, нейрохирург: «Науқас 31-желтоқсан күні сағат 13-40 та жедел жәрдеммен келіп түсті. Бас миының зақымдануы. Келе сала ота жасадық. өмірін аман алып қалдық. Бірақ, әлі де жағдайы нашар».
Биылғы мейрам мұндағы мамандар үшін әдеттегідей тым қиын болды. Бір күнде 8 отаны жасауға тура келген.
Сабит Байбосынов, қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Жедел жәрдем көрсету ауруханасында бір мезетте 15 ота жасауға мүмкіндігіміз бар. Соңғы үлгідегі қондырғыларымыз да бар. 31-желтоқсан өзге күндердегідей өтті. Ол күні де 8 ота жасалды».
Дәрігерлер мұндай режимде жұмыс істемегелі қашан дейді. Оның үстіне жедел жәрдем де сол күні тынымсыз науқастарды жеткізумен болыпты. Бір ғана 31-желтоқсан күні 80-ге жуық науқас әкелінген.
Ғазиз Құрманбеков, жансақтау бөлімінің дәрігері: «Жұмыс істеп жатқан 5 жылдың ішінде 3 рет 31-і күні кезекшілікке түстім. Осында науқастарға көмек көрсету барысында жаңа жылды қарсы алдық».
Дегенмен олар күніне орта есеппен 160 науқасқа шұғыл көмек көрсете алады. Ал мына азаматтың беті бері қарады. Жақын күндері туыстары табылып қалады деп үміттеніп отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k34BHnUTN6g[/youtube]