Әскерилер баспаналы болды

Қызыл кірпіштен тұрғызылған көпқабатты үйде коммуникациялық жүйелердің барлығы да бар
Қызыл кірпіштен тұрғызылған көпқабатты үйде коммуникациялық жүйелердің барлығы да бар
Қызыл кірпіштен тұрғызылған көпқабатты үйде коммуникациялық жүйелердің барлығы да бар

35/748 әскери бөлімінің 60 қызметкеріне «Сәуле» шағынауданынан екі және үш бөлмелі пәтерлердің кілті табыс етілді.

Бұл күнді әскерилер ұзақ күтті. Ал жаңа пәтерлердің құрылысы осыдан бір ай бұрын ғана аяқталған болатын. Су жаңа пәтер кілтін алғандар отанға адам қызмет етеміз деп уәде берісті.

Эльмира ЖҰМАШЕВА, Мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы, майор: «Қазақта үй болмай, күй болмайды деген нақыл бар. Сол сияқты мен бұл үйді ұзақ күттім. Енді міне жеке баспанам болғанына өте қуаныштымын. Расын айтсам, қызмет бойынша пәтерден пәтерге ауыса беруден шаршаған да едім».

Жаңа баспаналарда ыстық су, жылу беру, коммуникациялық жүйелердің барлығы да іске қосылған. Айта өтейік, бұл үйлер аталған гарнизон өкілдеріне 4-ші рет беріліп жатыр. Әскерилерге арналған қалашықта қазір сөйтіп 240 отбасы тұрып жатыр.