Өз анасын ұрып өлтірді

355
Шымкенттің 36 жастағы тұрғыны осы
Шымкенттің 36 жастағы тұрғыны осы
Шымкенттің 36 жастағы тұрғыны осы

Шымкент қаласының тұрғыны өз анасын ұрып өлтірді. Оқиға қала іргесіндегі Коммунизм елді мекенінде болған. 36 жастағы күдікті мен анасы арасында араздық болса керек. Екеуі сөзге келіп қалып, бала анасына қарай жұдырық алып жүгіріпті. Соққының қатты болғаны сонша 62 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.

Бірақ, күдікті өз қылмысын жасырмаққа әрекеттенеді. Жедел жәрдем шақырып, өзін жаңа даладан келгендей сөйлейді. Ал полицияға анасының мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарлаған.

«Мәйітке медициналық сараптамаға тағайындалды. Оның қорытындысына сәйкес жәбірленуші ауыр соққыдан қаза тапқаны белгілі болды. Сараптама әйелдің қабырлағаларының сынып кеткендігін көтсеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде марқұмның туған ұлы ұсталды»,-деді Абай аудандық ІІБ аға тергеушісі Ерлан Ирбаев.

Күдікті қылмысын мойындаған. Оның сөзінше жұмыстан келген ұлына анасына маза бермепті.

«Шаршап келген кезім. Анам дүкеннен арақ әкел деп бұйырды. Сосын жанжал туды да анамды ұрып тастадым»,-дейді ұсталған азамат.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9eborT76eTc[/youtube]

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jqQ5-Hl9RhM[/youtube]