15 ақпан – КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн

Ауған соғыс ардагерлеріне бір тал р гүл шоғы ұсынылды

 

Ауған соғысында шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу
Ауған соғысында шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу

15 ақпан- КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күн. Осыған орай қалалық балалар және жасөпірімдер орталығында он жылға созылған сұм соғыстан аман оралған ардагерлермен кездесу өтті.

Соғыс жылдардан сыр шертетін сахналық қойылым
Соғыс жылдардан сыр шертетін сахналық қойылым

Ерліктің символына айналған ауғандықтармен жүздесуге мектеп оқушыларымен қатар Отан қорғаушы әскери бөлім сарбаздары да келген. Ауған соғысына 22 мың қазақстандық қатысса, оның ішінде ерлігі үшін марапатталған қазақтың саны 2265 екен.

Кездесуге келген Отан қораушы жас сарбаздар
Кездесуге келген Отан қораушы жас сарбаздар

Оқушылар сұм соғыста шейіт болғандарға тағзым етіп, сахналық қойылым қойды. Бір сәт үнсіздікпен еске алудан соң, ардагерлерге шоқ гүлдер ұсынылды. 

Ауған соғыс ардагерлеріне бір тал р гүл шоғы ұсынылды
Ауған соғыс ардагерлеріне бір тал р гүл шоғы ұсынылды

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 – ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.

Кеш барысында ерлік иелері болашақ жас ұрпақты өз елін сүюге, Отанан қорғауға, үлкенге құрет көрсетуге шақырды. Еске алуға қорқынышты сұрапыл күндерден естеліктер айтып берді. Азу ақыттың ішінде көп мәліметке қанық болғандар еліміз тыныш, соғыс болмасын деген ниетпен тарқасты.