«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігі Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті

260

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл – 32 жыл. Осы атаулы датаға орай, Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігі басшылығы кәсіпорындағы Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті.

 

Дәулет Абдрасилов әскери борышын 1984-1986 жылдары аралығында өтеген. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына ағымдағы жылдың 15-ші ақпанында 32 жыл толады. Мереке қарсаңында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Карантин шаралары ескеріліп ұйымдастырылған салтанатты шарада мұнай өңдеу зауыты басшылығы атынан интернационалист-жауынгерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Дәулет АБДРАСИЛОВ, Ауған соғысының ардагері, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкері: «Зауыт басшылығына үлкен рахмет. Мереке сайын  қолдау көрсетіп, сый-сияпат көрсетеді».

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясында 14 Ауған соғысының ардагері жұмыс істейді. 25 жыл бұрын 40 жауынгеріміз бар еді. Жылдан жылға қатарымыз сиреп жатыр. Сіздерге амандық,  денсаулық тілеймін, жастарға  үлгі болып жүре беріңіздер»,-дейді кәсіпорындағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Бақтыбек ҚАЛДЫКӨЗОВ.

Іс – шара барысында Отан алдында борышын абыроймен өтеген интернационалист-жауынгерлерді мерекелерімен қаруластары – Шымкент қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы да құттықтады.

«Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді». Ауған соғысы ардагерлерін Шымкент мұнай өңдеу зауытында ұжым қастерлейді, үлгі тұтады.

Сұлтан Абдіқадыр, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс «ЖШС аға менеджері: «Компания басшылығы әрбір Ауған соғысының ардагеріне 35 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлық тағайындады. Бұдан бөлек, жыл сайын интернационалист-жауынгерлерге денсаулықтарын сауықтыруға санаторияға жолдама беріледі».

Шынар Оразова