8 жасар Алпысбай анасын іздейді

290
Алпысбай Ниятбай анасын тапты
Алпысбай Ниятбай, анасынан адасып жүр
Алпысбай Ниятбай, анасынан адасып жүр

Кеше кешкісін 8 жасар бала жоғалды. Бұл туралы оның ата-анасы шағымданып келген жоқ. Оны тауып алған Жалын ауылының тұрғыны арнамызға хабарласты.

Кейін анықталғанындай Алпысбай Ниятбай мектептен шыққан соң, автобусқа мініп кетіп қалған. Ақырғы аялдама Жалын ауылынан түсіп қалған. Оны адасып жүрген жерінен ауыл тұрғыны Әлихан Батырханұлы тауып алып, өз үйіне әкеліпті.

Әлихан Батырханұлы, Жалын ауылының тұрғыны: «Соңғы аялдамадан түстім, мына бала  көзі жалтақ-жалтақ етіп, жылап жүр екен. Жұбатып, тәттілерін әперіп, сұрадым. Адасып кеткенін айтты. Содан үйге әкелдім, тамақ бердім. Полицияға хабарладым. Бірақ, анасын іздеп жыламайды».

Бұл отбасыға тез бауыр басып кетіпті
Бұл отбасыға тез бауыр басып кетіпті

Сөмкесіндегі дәптерлеріне қарап, оның қаламыздағы №49 мектептің 1-сынып оқушысы екенін бірден білдік. Алайда ата-анасы, отбасы туралы сұрағанымызда ешқандай жауап қатпады. Камерадан тығылып, түсірмеуімізді де сұранды балақай. Адасып қалған Алпысбайды Сайрам ауданы ІІБ кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Чапаевкадағы балаларды уақытша оқшалау орталығына әкетті.