Алпысбай анасын тапты

187
Алпысбай Ниятбай анасын тапты
Алпысбай Ниятбай анасын тапты
Алпысбай Ниятбай анасын тапты

Кеше кешкісін, жоғалған Алпысбай Ниятбай бүгін анасымен қауышты. Балаларды уақытша бейімдеу орталығына барған балақайды, сол мезетті анасы келіп әкетіпті.

Анасының айтуынша, баласын ағасының үйіне бар деп, қоғамдық көліктердің біріне отырғызып жіберген. Алайда бірінші сыныптың оқушысы адасып кетіп, Жалын ауылынан бір-ақ шыққан.

Кеше кешкісін мектеп ұжымы мен Алпысбайдың туған-туыстары баланы іздеп, әбден әбігерге түсіпті. Құдай сақтап, баласы қарапайым, балажан тұрғынның қолына түсіп, инспекторларға тапсырылған болатын. Орталыққа келген анасы баласын алып кетіп, енді мұқият болатынын айтып жеткізіпті.