Есірткіні еркін сатып келген азамат құрықталды

299

Есірткі сатушы есірді! Полицейлер Сайрам ауданының 42 жастағы тұрғынын өз пәтерінде шімірікпестен психотропты затты емін-еркін сатып жатқан жерінен құрықтады. Осыған дейін сотты болған азаматқа темір тор сабақ болмаса керек. Әл Фараби аудандық соты ескірткі саудасымен айналысатын азаматты бірден қамауға алды.

Полицейлердің арнайы тіркеуінде тұрған мына азамат ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылып отыр. Тергеушілердің айтуынша қара базарда құны 750-800 мың теңгеге бағаланатын 7 грамм есірктіні ол сатпақ болған. Бұл ісі үшін Сайрамдық соттан бірақ шықты.

Тергеу жұмыстары ұсталған азаматтың бұрын сотты болғанын анықтады. Ол аздай күдіктінің пәтерін тінту кезінде тағы салмағы 2 граммды құрайтын 5 қалта героин табылды.

Тергеу аяқталғанша күдікті қамауда болады. Ірі көлемдегі есірткіні сатуға әрекеттенген әккіні сотта аяп қалмасы анық.