Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

310
Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

Шымкентте есірткі затын сатпақ болған кезінде екі әйел ұсталып отыр. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 12 шілде күні арнайы операция жүргізу барысында Ворошиловка елдімекенінің екі тұрғынын ұстады. Олар есірткі затын заңсыз сақтады және сатпақ болды деп күдіктеліп отыр.

Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

Сұрастыру барысында 44 жастағы екі әйелдің екеуі де бұған дейін сотты болғаны анықталды. Олардың үйін тінту кезінде кір жуғыш машинаның ішінен сұрғылт түстес ұнтақ салынған қалта табылды. Сот сараптамасы нәтижесінде бұл ұнтақтың героин екені анықталып отыр. Салмағы – 640 грамға жуық.

Шымкентте героин сатқан екі әйел ұсталды

Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалып, күдікті әйелдер уақытша тергеу абақтысында қамауда жатыр. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды.