Кәсіпкерді өз әйелі улап өлтірген

462
ОҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы - Нуридин ДАУЫЛБАЕВ
ОҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы - Нуридин ДАУЫЛБАЕВ
ОҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы – Нуридин ДАУЫЛБАЕВ

Күйеуінің дүние-мүлкін иемдену үшін оны улап өлтірген. Бүгін облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері кәсіпкер Рашид Жұмановтың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады. Тергеу басқармасының бастығы Нұридин Дауылбаевтың айтуынша, бұрынғы автокөлік базарының иесін өзінің жұбайы улаған.

Бар дүниесі өзіме қалсын деген болуы мүмкін. Ү шжылға созылған бұл оқиға тым шиеленісіп барады. Тіпті, қылмыстық істі жауып тастауға мүдделі полиция қызметкері де бар болып шықты. Кәсіпкер Жұмановтың жұмбақ өлімі ұзаққа созылған қылмыстық іс ретінде есте қалатын түрі бар. Аз емес – 3 жылдан бері тергеліп келеді.

Бастысы – марқұмның аса улы дәрімен уланғаны анықталды. Бұған мамандар Жұмановтың мәйітін қайта қазып алып, зерттеу жүргізу барысында көз жеткізген. Соынмен, полицейлер кәсіпкерді өзінің әйелі улап өлтірген дейді. Қатты қорықса керек, бұл іске қатысты куәлер де жауап беруден бас тартқан. Олардың аты-жөндерін жасырын ұстаймыз деп әрең көндірдік дейді тәртіп сақшылары.

Ал басты күдікті – Жұмановты әйелі күйеуімді өлтірмедім деп бет бақтырмай отыр. Марқұмның уланып қалғанын растаған ол тек дәріні берген мен емес дейді. Айтуынша, күйеуі танысына 5000 теңге беріп, дәрі алыпты. Ал ол танысы Жұмановқа сол дәріні арақпен қосып ішпеуді, әйтпеген жағдайда соңы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертіпті. Мұны мен анық естідім дейді күдікті әйел. Жұманов – Шымкенттегі ірі көлік базараның басшысы болған.

Кәсіпкердің дүние-мүлкі әлі бөлісген жоқ. Тағы бір маңызды дерек – марқұмның ашынасы болыпты. Оны да тәртіп сақшылары анықтап отыр. Осынау күрделі істің аяқсыз қалуына мүдделі жандар да бар болып шықты. Және анау-мынау емес – полиция қызметкері.

Аудандық учаскелік инспекторы ІІД-нің ғимаратына түн ішінде келіп, тергеушінің кабинетінің есігін бұзып кірген. Қылмыстық істің құжаттарының көзін жоймақ болса керек. Қазір капитан шеніндегі полиция қызметкері қамауда жатыр. Ол да, марқұмның әйелі де өз қылмысын әлі күнге мойындаған жоқ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=63ss_O_A4Sg[/youtube]