Ленгірдегі ағайынның үйіне кіріп-шығуы мұң

358

Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласының 4 бірдей көшесі жыл сайын, тасыған судан зардап шегіп келеді. Әсіресе көктем мен күзде толассыз жауған жауының салдарынан сол көшедегі үйлер мен олардың қора-қопсысы суға лық толады екен. Ал биыл арнайы канал қазып, ағынды суды сонда айдамақ болған. Алайда, бастаған іс аяғына дейін жетпей, төрт көшеге құрылыс салдарынан үйілген топырақ пен лайдан кіріп шығу мүмкін болмай қалды. Кезекті есебінің алдында тұрғындардың шағымын тыңдап жүрген әкім бұл каналдың жұмысы биыл бітеді дейді. Тек ауызсу құбырының жүріп-өткенін күтіп отырған көрінеді.

Тұрғындарға тағы да уәде берілді
Тұрғындарға тағы да уәде берілді

 

Мұхтар Өсербаев, Ленгір қаласының әкімі: «13-ақпаннан бастап, мердігер компания дәл осы көшелерден жаңа суқұбырын жүргізеді. Сол үшін де , каналдың жан-жағын бетондамай күтіп отырмыз. Қалай құбыр жұмыстары бітеді, солай өз жұмысымызға кірісіп, көшелерді асфальттаймыз».

Мұндай уәдені бірнеше рет естіген тұрғындар биыл көктемде де аулаларды су басады деп қауіптеніп отыр. Ал билік уәденің құдайдың сөзі екенін ұмытып кете береді деп ашулы.