Оқушылар темір тордағы құрдастарымен кездесті

312
Оқушылар қылмыстан бойын аулақ ұстауға уәде берді

 

темірторға тоғытылғандар замандастарымен кездесті
темірторға тоғытылғандар замандастарымен кездесті

Түрмеге саяхат! Бүгін Шымкент оқушылары қаладағы 167/11 уақытша ұстау абақтысына барды. Бұл Әл-фараби аудандық прокуратурасы өкілдерінің бастамасы. Осы арқылы қылмыс жасаған замандастарының жағдайын оқушыларға көрсету жоспарланған. Осы күні 50 оқушы түрлі деңгейдегі қылмыстар жасап темір торға қамалған жасөспірімдермен тілдесті.

Мұндай шара бұрын соңды болмаған. Соңғы кезде оңтүстікте жастар арасында қылмыс күрт көбейіп кеткенін ескерсе керек, енді сол жастардың өзін түрмемен таныстырып жатыр. Бірден он мектептің оқушыларын абақтыға апарды. Арасында бұзақылығымен көзге түскендері де бар. 

Нұрдаулет Рахымбаев, әл Фараби аудандық прокурорының көмекшісі: «Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында қылмыстар көбейіп отыр. Атап айтқанда, ұялы телефонды алып қою, қорқытып алудың өзі ауыр қылмыс деп саналады. Сондықтар жасөспірімдер қылмысының алдын алу үшін, профилактикалық шаралар жүргізіп жатырмыз «.

50 оқушы қылмысқа бармаған адамның аяғы баспаған жерлерді аралап көрді. Сөйтіп заңды белден басқандардың жағдайы мүшкіл болатынына көз жеткізді.

Сәбит Боранбаев, оқушы: «Сотталғандардың қиыншылығы, олардың ата-аналары есіктің алдына тұрғандары жаныма батты».

 

Оқушылар қылмыстан бойын аулақ ұстауға уәде берді
Оқушылар қылмыстан бойын аулақ ұстауға уәде берді

Ал мынау 16 жастағы күдікті. Басынан өткізгенін оқушыларға айтып берді. Ұялы телефон ұрлаймын деп абақтыдан бір-ақ шыққан.

Сотталған: «Мен бір баланы қорқытып, ұялы телефонымен мың теңге ақшасын алған едім. Ол арыз жазды, мен сотталып кеттім. Темір торда отырғаным сабақ болды. Аман-есен шықсам, мұндайды қайталамауға тырысамын».

ЗКТ: Енді өкініп отырғанын замандастарына айтып, қылмыс жасамауға шақырды. Бірақ мұнысы кеш. Ал бүгінгі шара қолды кеш сермемеуге мүмкіндік береді деп сенеді ұйымдастырушылар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gEweqR9mN5Q[/youtube]