Жасөспірімдер қылмысы бойынша Шымкент көш бастап тұр

571
Жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр
Жасөсіпірімдер қылмысын тоқтатудың жолын қарастырды
Жасөспірімдер қылмысын тоқтату жолын іздестірді жиылғандар

Мектеп оқушылары арасындағы қылмыс бойынша Шымкент көш бастап тұр. Мақтарал, Сайрам ауданының жасөспірімдері де бұзықтық жасаудан алдына жан салмайды. Ал ұстаздар шәкірттер тәртіпке бағынбайды деп шыр-пыр. Салдарынан қылмыс саны артып барады. Бұл өзекті мәселе облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен мектеп және арнаулы оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен өткен кездесуде қозғалды.

Ғалымжан Жетібаев, ОҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы: “Жастарымыз көбіне тонау, бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыстарға бой алдыруда. Ал мектеп оқушыларымен жасалған қылмыс саны былтырғы 2 айлық көрсеткішпен салыстырғанда 24,7 пайызға төмендеп отыр. Яғни былтыр 70 қылмыс болса, биыл 55 қылмыс тіркеліп отыр оқшаулана жасалған. Былтыр қарақшылық 4-еу болса, биыл 2-еу. Бөтеннің мүлкін ұрлау былтыр 43 болса, қазіргі таңда 27. Бәрібір көрсеткіш мәз емес. Менің ойымша, бұл тәрбиеге тікелей ата-ана жауапты. Ал ұстаздар тек білімге ғана жауап беруі керек”. 

Жиын барысында қаламыздағы білім ұялары басшылары 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін шәкірттерді мейірімділік пен әділдікке баулимыз, ал жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың белең алуына ата-аналардың орасан ықпалы бар деді. Ал жылдар бойы колледжердің бірінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрген Ерлан Құдайбергенов тәрбие сағаты күндік жоспардан түскен емес дейді.

ЕРлан Құдайбергенов ата-аналар өз парызын ұмытпаса кекен дейді
Ерлан Құдайбергенов ата-аналар өз парызын ұмытпаса екен дейді

Ерлан Құдайбергенов, колледж директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Біз жасөспімірдердің қатысуымен болатын қылмыстарға күресті жүргізіп-ақ жатырмыз. Тұрақты түрде түрлі тәрбие сағаттары мен кеңестер, үйірмелер ұйымдастырылады. Семинарлар мен дөңгелек үстелдер барасында да кеңінен айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ал біздің осы басқосудағы ұсынысымыз ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Себебі қазіргі таңда, материалдық құндылық алға шыққан заманда ата-аналардың басым бөлігі балаларымды матералдық жағынан қамтамасыз етсем болды баламның алдындағы парызымды өтедім деп есептейтіндер көп. Сондықтан көбіне ата-аналар мектептер мен оқу орнын кінәламай, балаларының болашағына бір сәт те болса алаңдаса екен дейміз. Негізінен біздің колледжде мұндай қара тізімге ілінген студенттер болған, бірақ оларға түсіндіріп, арнайы сабақтар өтілді. Ата-аналармен жұмыс жасадық. Олар қазір облыстық олимпиадаға даярлау орталығында. Колледжімізде де бос уақытын тиімді өткізу үшін бар жағдай жасалған».

Биылғы жылы 2 айдың көлемінде өткен жылмен салыстырғанда жасөсіпірімдермен жасалған қылмыс көрсеткіші 30 пайызға төмендеген. Яғни 2013 жылы 102 қылмыс жасалса, биыл 70 қылмыс тіркеліп отыр дейді облыстық ішкі істер департаментінің мамандары. Ал ата-аналар қара тізімге енген жастардың саны күн санап толығуын ұстаздар қауымынан көріп отыр. Біз ешқашан өз міндетімізді ұмытқан емеспіз деп шыр-пыр.

Әнуарбек Бейсеев, ОҚО ата-аналар комитетінің төрағасы: «Ата-аналардың төрағасы ретінде айтарым, жаңағы айтылған пікірлерге мен ешқашан қосылмаймын. Ата-аналар өз міндетін жап-жақсы атқарып жүр. Сондай-ақ әрбір ата-ана өзінің баласының жақсы жолмен жүргенін қалайды ғой. Оқуын қадағалайды, барады. Тәртібін де қадағалайды. Ал мына жиында көптеген сөздер артық айтылып кетті. Ата-аналардың намысына тиіп жатыр тіпті. Енді бар шығар арасында базарда жұмыс істейтін ата-аналар, жұмыстарынан шаршап келіп балаларына қарауға шамасы болмайтын. Бірақ дәл қазіргі уақытта ешкім баласын қадағалаусыз қалдырып жатқан жоқ”.

Қос тарап арасында келіспеушілік жалғасып жатқанда, облысымызда жасөсіпірімдер арасындағы қылмыс саны 100-ден асып жығылған. 2011 жылы жастар арасында барлығы 425 қылмыс тіркелсе, 2012 жылы оның саны 57 болған. Бір жылдың ішінде 208 қылмысқа артып отыр. Ал 2013 жылдың 6 айлық көрсеткіші де жуырда белгілі болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lLHU75y5teo[/youtube]