Оңтүстікте «шенеунік-броконьерлер» ұсталды

335
Қарақұйрықтарды аулаған броконьерлер қылмысы Арыс аудандық ішкі ікстер бөлімінде қаралуда

Табиғатты қорғау инспекторлары «шенеунік- броконьерлерді» ұстады. Оқиға 5-ақпан күні Арыс-Қаратау қорғауға алынған республикалық маңызы зор аймақта орын алған.

Қара ниетті аңшылар «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін қарақұйрықтарды трактормен алып кеткісі келген. Осылайша трактор,  тыйым салынған аймақта броконьерлер мінген «нива» автокөлігінің ізімен жүрген.

Қарақұйрықтарды аулаған броконьерлер қылмысы Арыс аудандық ішкі ікстер бөлімінде қаралуда
Қарақұйрықтарды аулаған броконьерлер қылмысы Арыс аудандық ішкі ікстер бөлімінде қаралуда

«Броконьерлер «Қызыл кітапқа» енген өлі қарақұйрықтарды  тракторға телінген арбаға ауылшаруашылыққа қажетті құрал-саймандардың арасына жасырып қойған, – дейді «Охотзопром» өндірістік бірлестігі» МКМ инспекторы Ерлан Ұзақов. – Біз оларды арбаны тексеру кезінде таптық. Сонымен қоса, көлікті тексеру барысында аң аулау қаруы мен арнайы түнгі аңға арналған жарығы бар аспаптары да табылды. Күдіктілер өздерінің аңға шықпағанын, қарақұйрықтың өлі денесін тауып алғанын айтады. Бірақ, дәлелдер заңсыз аң аулау қылмысы болғанын растайды. Біз екі тәулік бойы іздерін тексердік, біздің дәлелдер бұл күдігіміздің айғағы болып отыр. Қолға түскен күдіктілерді Арыс аудандық ішкі істер бөліміне тапсардық. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде».

Егер инспекторлар күдіктілердің қылмысын дәлелдей алса, онда шенеуніктерге «Қызыл кітапқа» енген қызықұйрықтардың өліміне жауапты ретінде қылмыстық іс қозғалатын болады.