Кентауда браконьерлер қолға түсті

332

Кентау қаласының полицейлері браконьерлерді қолға түсірді. Олар заңсыз аңшылықпен айналысқан. 26 желтоқсан күні тәртіп сақшылары «Газ» көлігін тоқтатады.  Көлікте 1968, 1963 және 1970 жылы туған осы ауданның тұрғындары болған. Үшеуі де заңсыз аңшылықта күдікті ретінде танылған. Үшеуі де табиғат қорғау мекемесінің қызметкерлері.

Аталған көлікті тексеру кезінде құзырлылар жабайы аңның еті салынған 4 қапты, 6 кекілік пен аңшы қаруы мен тапанша, оқ-дәрі, рация т.б. аңшылыққа қажетті керек-жарақты тапқан. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.