Шымкентте қаніпезер бір күнде екі адам өлтірген

277
Масаң күйде 2 адамды қалай өлтіргенін білмейді
Масаң күйде 2 адамды қалай өлтіргенін білмейді
Масаң күйде 2 адамды қалай өлтіргенін білмейді

Шымкентте қаніпезер қылмыскер бір күнде екі адамды өлтіріп тастады! Өткен жылдың күзінде орын алған ауыр қылмысқа соңғы нүкте жақында қойылып отыр.

Қабатынан жасалған қылмыстың бетін толық ашу аса күрделі болған. Соңында күдіктінің қанды әрекеті толық мойындалды.

Қанды қол қылмыскер сол күні алдымен күндіз таныс әйелмен бірігіп, ішімдік ішеді. Сол арада бөтелкелесімен керісіп қалып, оны буындырып тастайды. Кісі өлтіргенімен қоймай, алтын бұйымдарын тонап кеткен. Бұл әрекеті аздай, кеш қараңғысында тағы бір адамның өмірін қияды. Қолын қанға былғаған күйі қонаққа барған күдікті сол жердегі адамдардың бірімен ерегісіп қалып, пышақтап тастаған.

35 жастағы айыпталушы қатты мас болғандықтан, «кімді қалай өлтіргенім есімде жоқ»,-дейді. Оның маскүнемдікке салынып кеткенін тергеушілер де анықтап отыр.

Сот  барлық фактілерді ескере отырып, айыпталушыны 21 жылға абақтыға қамауға үкім шығарды.